Қанттан толық бас тарту неге әкеледі?

Қанттан толық бас тарту неге әкеледі?

Қанттан саналы түрде бас тарту қиын, ал мұндай қадамның пайдалы әсері тез арада көрінеді, дейді эндокринолог Татьяна Бочарова. Бұл туралы РИА Новостиге жазды.

Маман көптеген адамдар жүйелі түрде артық қантты тұтынатынын, бұл денсаулық пен салмақ мәселесіне әкелетінін атап өтті.

"Глюкозаны және жақсы көңіл-күйді қант тұтынбай алуға болады. Табиғи, консервіленген емес дәнді дақылдар, жемістер мен көкөністер жеген адам қант жемесе де болады", - деп еске салды Бочарова.

Дәрігер сонмен қатар, тәтті жеу әдетін жеміске ауыстыру керек екенін айтты.

Әдетке айналған нәрседен құтылу қиын, әлеуметтік дәстүрлер бар – кешке шай мен торт, таңертең кофе мен тоқаш. Егер сіз қанттан бас тартқыңыз келсе, бастысы - тәттіні жеміске алмастыру және осы режимде бір апта бойы ұстап тұру қажет. Алғашқы нәтижелерді көресіз және олар сізге жаңа жолмен тамақтануды жалғастыруға ынталандыруы мүмкін", - деді дәрігер.

Бочарованың айтуынша, қанттан бас тартқаннан кейін бір күн ішінде ас қорыту және ішек қызметі жақсарып, эмоционалдық көңіл-күй тұрақталады. Бір апта ішінде терінің күйі айқын жақсарады, ұйқы проблемалары, егер бар болса, жойылуы мүмкін. Бұл процестер келесі күндерде дамиды, гормондар мен иммунитетті жақсарады.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер кімдерге иандарин жеуге болмайтынын айтқан болатын. Мандарин пайдалы қасиеттерге бай, бірақ кейде ас қорыту жүйесі ақауы бар адамдарға зиян тигізуі мүмкін, дейді  диетолог және фитнес-жаттықтырушы Наталья Кушнир.  

Дегенмен, Кушнир сүйікті жаңа жыл жемісі цитрус екенін және жиі аллергиялық реакция тудыратынын еске салды. Сондықтан мандаринді артық жеуге болмайды және оны 2-3 жасқа дейінгі балаларға беру де қажет емес.

"Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды", - дейді диетолог.