Диетолог кімдерге мандарин жеуге болмайтынын айтты

Диетолог кімдерге мандарин жеуге болмайтынын айтты

Мандарин пайдалы қасиеттерге бай, бірақ кейде ас қорыту жүйесі ақауы бар адамдарға зиян тигізуі мүмкін, дейді  диетолог және фитнес-жаттықтырушы Наталья Кушнир.  

"Мандарин B, P, K, D дәрумендеріне бай, құрамында минералдар, кальций, магний және калий бар. Сонымен қатар, мандарин тамаша антидепрессант саналады. Дәмі ғана емес, түсі, хош иісі де адамда мереке сезімін тудырады" - дейді маман.

Дегенмен, Кушнир сүйікті жаңа жыл жемісі цитрус екенін және жиі аллергиялық реакция тудыратынын еске салды. Сондықтан мандаринді артық жеуге болмайды және оны 2-3 жасқа дейінгі балаларға беру де қажет емес.

"Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды", - дейді диетолог.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог Елена Моисеева шырынның пайдалы және зиянды қасиеттері тура айтқан болатын.

Қызанақ шырыны салмақ жоғалтуда таптырмас қызмет атқарады. Ал, қызанақ диетасы ең тиімді диета. Күніне 1-4 стакан шырын ішу керек. Шырынды тамақтан жарты сағат бұрын оған бірнеше тамшы өсімдік майын қосып ішкен дұрыс. Бірақ сұйықтық денеде тұрып қалмауы үшін тұз қосу қажет емес. Оны сарымсақ немесе бұрышпен ауыстырған дұрыс.

Т. Раушанұлы