Қандай картопты жеуге болмайды?

Қандай картопты жеуге болмайды?
Фото: mrfilin.com

Жасыл, сабағынан ерте жұлынған картопты жеуге болмайды. Адам одан уланып қалуы мүмкін. Осылай дейді Ресей дәрігері, тележүргізуші Александр Мясников.

Оның айтуынша, картопты сатып аларды таңдап, абайлап алған жөн. Әсіресе, піспеген, жетілмеген картопты сатып алудан аулақ болған абзал. Ондай картопты тану оңай.

"Ондай көкөніс жасыл, көкшіл түсті келеді. Дүмбілез екені көрініп тұрады. Ондай картопты жеген адам уланып қалуы ықтимал", - дейді дәрігер Мясников.

Сөз барысында дәрігер картопты дұрыс пісірудің жолын да айта кетті. Айтуынша, картопты қуырып жеудің орнына суға не буға пісіріп жесе, көбірек пайдалы болмақ.

"Картопты қабығын пісіріп жеген пайдалы. Қабықта калий болады. Ол қан мен жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі", - дейді тележүргізуші дәрігер.

Қ. Слямбек