Дәрігер ЖРВИ-дан сауығуды қалай тездетуге болатынын айтты

Дәрігер ЖРВИ-дан сауығуды қалай тездетуге болатынын айтты
Фото: sobaka.ru

Терапевт Алексей Хухрев ЖРВИ-дан сауығу процесін қалай тездетуге болатынын және ауру созылмауы үшін не істеу керек екенін айтты.

Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін  полиэтиологиялық аурулар тобы. Осы инфекциялар тобына барлық инфекциялардың  20% жатады.

"Көптеген вирусты инфекциялардың ерекшелігі олардың емі жоқ, адам ағзасы ауруды өзі жеңуі керек", - дейді дәрігер.

Вирусқа қарсы қолданыстағы препараттар ағзаға ЖРВИ тудыратын барлық қоздырғыштармен күресуге көмектеседі. Суық тию мен вирустар тудыратын басқа жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу да қиын. Оларға  тұмау немесе COVID-19-ға қарсы егілетін вакцина жоқ. Бірақ, Хухревтің айтуынша, адам иммундық жүйені нығайтатын дәрумендерді қабылдау арқылы сауығуын тездете алады.

"D дәруменінің деңгейін бақылау маңызды. Бұл иммундық жүйенің жағдайына тікелей әсер етеді", - дейді Хухрев.

Дәрігер науқастың жеткілікті ұйықтауы, жеткілікті мөлшерде пайдалы тамақтану және алкогольден уақытша бас тартуы керек екенін айтады.

Бұл қарапайым ережелерді бұзу сіздің емделуіңізді баяулатуы мүмкін. Сонымен қатар, белсенді өмірге тым ерте оралу ағзаны вирусты аурудан тез қалпына келуіне кедергі жасайды.

"Вирусты аурулар кезінде қандағы лейкоциттер деңгейінің төмендеуі жиі байқалады. Сондықтан, егер адам белсенді өмірге бірден оралса, ағза қайтадан әлсірейді. Нәтижесінде ЖРВИ-дің үстіне бактериялық ауру жұғады. Бұл жағдайды тіпті қиындатады", - деп түсіндірді Хухрев.

Оның айтуынша, науқастың денесі вирусты аурудан туындаған уақытша иммунитет тапшылығынан қалпына келуі үшін біраз уақыт демалуы керек.

Т. Раушанұлы