ER-BATYR жобасында Мыңжылқы Бердіқожаев: Бізде отандық медицина жетістігіне сенбейтіндер бар

ER-BATYR жобасында Мыңжылқы Бердіқожаев: Бізде отандық медицина жетістігіне сенбейтіндер бар

ER-BATYR жобасында жоғары санатты нейрохирург дәрігер, Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаев.

Ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айына қанша операция жасайтыны, неге жеке тәжірибесі арқылы отандық медицина, оның ішінде, нейрохирургия жоғары деңгейде екенін түсіндіруге тырысып жүргенін, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық білім сапасы туралы ойын айтады.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.