Балалардағы аллергия: аңызы мен ақиқаты

Балалардағы аллергия: аңызы мен ақиқаты
Фото: tengrinews.kz

Балалардағы аллергиялық аурулар немен байланысты? Баланың неге аллергиясы барын қалай білуге болады? Оның тұқым қуалайтыны рас па?

Бүгін, 6 мамырда I-BALAQAI YouTube-арнасында сағат 20:00-де аллергия мен оны емдеу жолдары туралы аллерголог-иммунолог дәрігер Гүлжан Әбдіқадірова айтып береді.  

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "Вконтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес береді. 

Жүргізуші – журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, танымдық мақала, видео және басқа да пайдалы контенттер жарияланады.

Жоба туралы Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасынан толық білуге болады. 

RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.

Н. Үсенова