Коронавирустық инфекциядан сауығу – күрестің соңы емес

Иммунолог-дәрігер Николай Крючков COVID-19-дан жазылып шыққан әрбір бесінші адам постковидтық синдром белгілерінің байқалатынын мәлімдеді.

Көбінесе бұл созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдарда кездесетіндігін, бірақ жастар арасында да болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

Дәрігердің айтуынша, посткоидтық синдромның жиі көріністері әлсіздік, концентрацияның нашарлауы, ұйқы мен есте сақтау, депрессия жағдайлары және қатты көңіл-күйдің өзгеруі жатады екен.

"Сонымен қатар, жүрек жұмысында ауытқулар болуы мүмкін. Өкпенің қатты зақымдануымен қатысты тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуы мүмкін және кеуде мен іштің ауыруы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ, жалпы бұлшықеттер мен бастың жиі ауруы болуы мүмкін", - деп толықтырды Крючков.

Егер осы белгілердің кез-келгені пайда болса, дәрігерге қаралу керегін, себебі бұл белгілер созылмалы түріне ауысуы мүмкін, деп қорытындылады иммунолог.