Жүрек ауруларының біз аңғара бермейтін белгілері

Жүрек ауруларының біз аңғара бермейтін белгілері

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні. Мереке Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен алғаш рет 1999 жылғы қыркүйек айының соңғы жексенбісінде ұйымдастырылған. 12 жылдан кейін, яғни 2011 жылы 29 қыркүйек "Жүрек күні" болып бекітілді. Жүрек күнінің басты міндеті – кардиологиялық аурулардың салдарынан болатын өлім-жітім санын азайту.

"Өмірге арналған жүрек" деген ерекше ұранмен өткізілетін мерекеге орай біз кәсіби маманның кеңесіне жүгінуді жөн көрдік.

"А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-ның кардиолог дәрігері Халимназарова Рашида Тахирқызы жүрек ауруларының алдын алуға арналған өз кеңесін айтты. 

- Жүрек ауруларының құлақ сырғалығында диагональді қатпарлар, тістердің түсуі, қызыл иектің қабынуы, ерін түсінің өзгеруі секілді біз аңғара бермейтін белгілері де бар. Егер адамның басы ауырып, артериялық қан қысымы көтерілсе, сондай-ақ жүрек тұсында ауырсынулар пайда  болса, кардиолог маманға қаралуды кейінге қалдырмағаны дұрыс. Спортпен айналысатын адамдар да үш айда бір рет кардиологтың қабылдауында болуы керек.

Артериялық гипертония – өлімге душар ететін жүрек-қантамыр ауруларының ішінде кең таралған сырқат. Артериялық гипертония жер бетіндегі әрбір төртінші адамда кездеседі, ал біздің елде әрбір үшінші адамда бар, - дейді.

"Сақтансаң сақтайды" демекші, кардиолог жүрек ауруларының алдын алу және кез келген дәріні маман нұсқауынсыз іше бермеуді ескертеді.

- Жүрек ауруларының алдын алу үшін шылым, алкоголь сияқты зиянды әдеттерден арылыңыз. Күйзеліске бой алдырмаңыз. Ұйқыңыздың режимін қадағалаңыз, тамақтану тәртібіне көңіл бөліңіз және спорттық жаттығулармен айналысуды естен шығармаңыз. Тағы бір айта кетерім, жүрегіңіз ауырған уақытта таныстарыңыз ұсынған немесе интернеттен байқаған дәрілерді ішуге асықпаңыз. Тек дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмек арқылы ғана емделуіңіз қажет, - дейді Рашида Тахирқызы.

Әлемде жыл сайын жүрек-қан тамырлары дертінен көз жұматын жандардың саны артып келеді. Медицина мамандары мұндай дерт көрсеткішінің өсуіне бір ғана фактор әсер етпейтінін айтады. Себебі, біріміз мұндай сырқаттың алғашқы белгілеріне мән бермесек, біріміз дәрігерлік тексеруді күнделікті күйбең тірлікпен кейінге шегеріп жүре тұрамыз. Әйтсе де жүрек-қан тамырлары дертінің алдын алудың жолдары мен амалдары барын ескере жүргеніміз абзал.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?