Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)

Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)

Лондондағы Queen's ауруханасының дәрігері Сарфараз Мунши COVID-19 бар науқастарға аурудың асқынуын алдын алуға көмектесетін тыныс алу әдістерін көрсетті.

Дәрігер бұл бейнені отбасы мүшелері мен достарына дайындаған. Алайда, видео YouTube-ке жүктелгеннен кейін тез таралып, 4,5 миллион рет қаралым жинаған.

"Егер сізде коронавирус болса, жаттығуды мүмкіндігінше тезірек бастау керек. Егер, сіз ауырмасаңыз да, бұл жаттығу коронавирусты алдын-алуға көмектеседі", - дейді Мунши.

Жаттығудың реті келесідей:

5 терең тыныс алыңыз. Әр демді 5 секунд ұстап тұрыңыз. Алтыншы терең тыныс алғаннан кейін аузыңызды қолыңызбен жауып қатты жөтелуіңіз керек. Бұл төменгі тыныс жолдарын ашады.

♦ Бұл әрекеттер тізбегі (бір цикл) тағы бір рет қайталанады.

♦ Содан кейін асқазанға жастық төсеп етпетінен жату керек. Бұл жағдайда 10 минут баяу және терең дем алыңыз.

"Етпетінен жатудың себебі өкпенің көп бөлігі кеуде қуысында емес, артқы жағында орналасқан. Етпенінен жатып, дем алған кезде төменгі тыныс жолдары ашылады", - дейді дәрігер.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер