Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ

Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ

MIT Lincoln зертханасының ғалымдары COVID-19-ды адамның дауысына қарап анықтауға мүмкіндік беретін алгоритм ойлап тапты. Бұл аурудың симптомсыз түрін анықтауға көмектесетіні туралы  "IEEE Open Journal of Engineering in Medicine and Biology" журналында хабарланды.

Бәріңізге белгілі, коронавирус тыныс алу жүйесіне әсер ететіндіктен,  бұл сөйлеу мен дауыстың өзгеруіне де өз ықпалы бар. Ғалымдар COVID-19 диагнозы қойылған, бірақ олармен симптомсыз түрде ауырған 5 танымал адамның дауыстарын аурудан бұрын жасалған ескі жазбалардағы дауыстарымен салыстырып талдаған. Сарапшылар вирустың әсерінен олардың дауысы төмендеп, көлемі, ырғағы (тембрі) және басқа да сипаттамалары өзгеріске ұшырағаны туралы қорытындыға келді.

Зерттеуді жалғастыру үшін ғалымдар тобы Карнеги Меллон университетіндегі коронавирус анықталған адамдардың сөйлеу үлгілері бар дауыстық базасын талдай бастады. Сонымен қатар олар өз алгоритмін мобильді қосымшаға енгізу мүмкіндігін қарастыруда, себебі бұл ауру белгілері жоқ адамдарда COVID-19-ды анықтауға көмектеседі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезіндегі жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезіндегі жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
COVID-19 жұқтырған аналар баланы емізуді тоқтатпауы керек - ДДСҰ төрағасы
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады
Икер Касильяс спорттағы мансабын аяқтады
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала
Қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы 30 қала