Кей қазақстандықтар коронавирусқа сенбейді – зерттеу

Кей қазақстандықтар коронавирусқа сенбейді – зерттеу

Қазақстандықтар басқа елдермен салыстырғанда әлі күнге дейін коронавирустың қаупін ескермейді. "Ромир" және Gallup International зерттеуіне сәйкес қазақстандықтар COVID-19 қатерін асыра сілтейді деп есептейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 41% коронавирус төндіретін қауіп асыра сілтеп айтылады деп пікір білдірген. Дегенмен COVID-19 індетінің қауіпті екеніне 54% дауыс берген. 

Әлемнің өзге елдеріне қарағанда Босния және Герцеговина (66%), Қазақстан (61%), Молдавия және Болгарияда (58%) тұрғындар коронавирустың қаупін ескермейді. Ал Ұлыбритания (15%), Оңтүстік Корея (15%) және Жапонияда (18%), керісінше, қауіпті екенін атап өткен. 

Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (67%) өзінің және жақындарының денсаулығы үшін уайымдайтынын айтқан. Ал Оңтүстік Корея (86%), Филиппин (84%) және Гонконг (80%) тұрғындарының көбі коронавирус жұқтырудан қорқады екен.

Осымен "Ромир" және Gallup International коронавирус пандемиясы басталғалы үшінші сауалнамасын жүргізді. Үшінші зерттеуге 19 елден 19 мың адам қатысқан. Зерттеу жұмыстары Аустрии, Босния және Герцеговина, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Гонконг, Үндістан, Италия, Қазақстан, Малайзия, Молдавия, Пәкістан, Ресей, Солтүстік Македония, АҚШ, Филиппин, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония елдерінде жүргізілген.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді