COVID-19: елде екінші толқын болуы мүмкін

COVID-19: елде екінші толқын болуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров "Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін" дейді.

Оның айтуына сенсек, аурудың екінші толқыны күздің екінші жартысында келуі мүмкін.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтауы керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады" деді Дамир Көпжасаров ДСМ медиаорталығында өткен онлайн-брифингте.

Бұған дейін ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандар адамдар санының көбеюін "Коронавирус инфекциясын анықтайтын скрининг арқылы осындай жағдай тіркелетінін күттік. Бұған дейін коронавирус инфекциясының симптомдары бар, жұқтырғандармен байланыс жасағандарға тест жүргіздік. Сәуірден бастап медициналық қызметкерлер, қарулы күштер және тағы басқа белгілі бір топ ішінде скрининг жүргізілді" деп түсіндірген болатын Дамир Көпжасаров.