Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Коронавирусты емдеудің жаңа клиникалық хаттамасы қабылданды

Коронавирусты емдеудің жаңа клиникалық хаттамасы қабылданды

Коронавирусты емдеудің жаңа клиникалық хаттамасы қабылданды

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында ДДСҰ ұсынысы бойынша COVID-2019 коронавирусына диагноз қою және аталған инфекцияны емдеуге арналған қолданыстағы клиникалық хаттама жаңартылып, қабылданды.

Құжат Қытай, АҚШ, Италияның COVID-2019 коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу тәжірибесіне негізделіп жасалған. Сонымен қатар, халықаралық аурулар жіктемесіне (АХЖ-10) сәйкес аурудың коды U07.1 COVID-19 коронавирус инфекциясы деп өзгертілді.

Дәрігерлерге COVID-19 формасы мен клиникалық жағдайына қарай қойылған диагноздардың үлгісі берілді. Аурудың симптомдарын уақтылы анықтау үшін конъюнктивит, бөртпе де коронавирустың диагностикалық белгілері ретінде енгізді. Жедел жәрдем және ауруханада COVID-19 белгілері бар науқастарға арналған нақты алгоритмдер көрсетілген.

Ересектер мен балалар арасындағы COVID-19 деңгейінің критерийлері диагностикалық әдістерге негізделіп жаңартылды және КТ- зерттеулер кеңейтілді.

COVID-19 этиотропты терапиясының альтернативті схемасы қайта қаралды, емдеу ұзақтығы анықталды, жағдайы ауыр пациенттерді емдеуге арналған препараттар енгізілді. Жүкті әйелдер мен балаларды COVID-19 қарсы этиотропты емдеудің нақты әдісі көрсетілген. Сонымен қатар, жағдайы ауыр жүкті әйелдерге вирусқа қарсы терапия тағайындаудың ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетілген.

Аурудың симптомдары жоқ пациенттерді медициналық бақылау тәртібі анықталған, COVID-19 ауыр түрін диагностикалау мен емдеу, шокқа қарсы терапия бөлігінде айтарлықтай қарқынды жүйеленді, экстракорпоралдық мембраналық оксигенацияға (ЭКМО) қарсы көрсеткіштер сипатталған.

Пациент стационардан шыққаннан кейін 14 күн учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Сондай-ақ, "Сепсисті" диагностикалау және емдеуге арналған клиникалық хаттама жаңартылды. Бұл құжат клиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау ережелеріне сәйкес дайындалды; клиникалық көрсеткіштер мен аспаптық зерттеу әдістерінің көлемі толықтырылды; аурудың сараланған диагнозы бойынша бөлім толық жаңартылған; босанғанға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету бөлімі қайта қаралды; фармакотерапия және басқалары жаңартылды.

Қазақстандық ғалымдар денсаулық сақтау саласында практикада пайдаланылатын негізгі құжаттарды жетілдіру және халққа сапалы, қолжетімді, қауіпсіз медициналық көмек көрсету талаптарын белгілеу мақсатында ауруы күрделі науқастарды бақылау және емдеудегі халықаралық және отандық тәжірибені үнемі назарда ұстайды.

0
Рейтинг: +0

Фото: envato.com
Қосылған күні: 03 сәуір, 10:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->