Коронавирус жануарға жұға ма?

Коронавирус – ауа арқылы жұғатын инфекция. Ауру белгілері тұмауға ұқсайды. Алдымен тыныс жолдарын зақымдап, кейін  өкпенің қабынуына себеп болады. Әлі күнге дейін вакцинасы табылмады. Көбіне егде тартқан және иммунитеті төмен адамдар зардап шегетіні белгілі болған. Ғылыми интернет-журнал livescience жануарлар да вирусты жұқтыра алатынын хабарлады. 

Коронавирус жұқтырған алғашқы үй жануары Гонконгтан табылды. Ит бірден карантинге жатқызылып, Гонконг университетінің зерттеушілері мен жануарлар Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының бақылауына алынды. 

Дегенмен, кейін мамандар үй жануарларын асырайтындар үшін еш қорқыныш жоқ екенін жеткізді. 

Өйткені зерттеушілер үй жануары коронавирусты жұқтырғанына қарамастан, олардың тасымалдаушы болатына күмәнмен қарайды. Оған себеп 2003 жылы тараған коронавирус тұқымдасы саналатын жедел респиратор синдромы (ТОРС) кезінде жануарлардың вирусты ауа жолдары арқылы тасымалдай алмайтыны белгілі болған. Қандарында вирустың бары анықталғанмен, ауру белгілері байқалмайды.

Бөлісу: