Коронавирус: Әрі қарай не істеу қажет?

Коронавирус: Әрі қарай не істеу қажет?

Адамзат баласы бұған дейін SARS-CoV-2 короновирусына тап болған емес. Сол себепте адамдарда оған қарсы тұра алатын иммунитет те қалыптаспаған. Мәселені вакцина шешер еді. Алайда оны жасап шығару бірнеше ай уақыт жұмсалады. Оның тиімділігі мен адам өміріне қауіпсіздігін толық анықтау үшін кемінде 1 жыл қажет. Ал бұл тым ұзақ уақыт.

Өкінішке қарай әлі короновирусқа қарсы дәрі ойлап табылған жоұ. Дәрігерлер лопинавир, ритонавир секілді ЖИТС-ке қарсы қолданылатын дәрмектермен емдеуде. Сонымен қатар ем кестесіне иммунитетті қолдауға бағытталған интерферон да енгізілген. Коронавирусқа қарсы тиімді емдеу жүргізуде жаңа эксперименттік өнімдер де ұсынылуда. Соның бірі "Ремдесивир" дәрісі . Америкалық өндіруші "Гилед " компаниясы қытайлық дәрігерлерге дәл осы препараттың үлкен партиясын ұсынып, вирусқа төтеп беруі мүмкін деп отыр.
Бұдан бөлек ғалымдар дерттен жазылып шыққан адамның сарысуын алып, сау адамдарға салу арқылы алдын алу жолдарын да қарастыруда. Осындай 5 мл сарысу 100 адамның өмірін арашалай алар еді. 

Алайда короновирус жайында жинақталған тәжірибелерге сүйенсек, көптеген нәрселер біздің түсінігімізге сай келмеуде. Мысалы қазір вирустың ауамен таралу ерекшелігі қайта қаралуда. Өйткені инфекция тамакпен, сумен, лас қол арқылы да кеңінен таралуда. Бұл бетперделердің тиімсіз екенін көрсетуде.

Сонымен қатар короновирустың ACE2 рецепторларымен байланысы да таңқалдыруда. Жүрек қан тамырлары ауруының өршуі, іш құрылыс жүйесінің бұзылуы және кәрілік ұғымдары вирусқа егде жастағылардың көбірек ұшырайтынын меңзейді.

Генетикалық сараптама нәтижесі бойынша, коронавирус SARS-CoV-2 әртүрлі жағдайда құбылып, дами алады. Бүгінгі күні вирустың эволюциялық екі L және S атты екі формасы белгіл. Оның біріншісі , агрессивті болып табылады. Қытайдың Ухан қаласында жасалған шаралардың нәтижесінде қаңтар айында L-штампының беті қайтарылды. Ендігі кезекте өзгерген жаңа штамп пайда болды. Неліктен?

Вирус – адам ағзасына жұғатын бөгде, генетикалық материал. Адам ағзасына түсу арқылы біздің генімізге еніп, ішіміздегі маңызды органдарды құрту арқылы жаңа вирустар пайда болады. Дәл осындай механизм ЖИТС, гепатит, тұмау, қызылша, шешек және өзге де аса қауіпті аурулардың вирусына тән.
Алайда вирус та әр түрлі ағзада өзін жаңа ортаға бейімдеуге тырысады. Нәтижесінде агрессиялық формалар туындайды.

Көпшілік күннің жылынуы короновирус пандемиясының ошағы сөнеді деген ойда. Алайда басқа сценарийге жүгінсек, қазіргі короновирус MERS пен SARS эпидемиялары секілді мүлде жойлып кетуі мүмкін.
Мен жақында мынандай болжамдарға келдім. Кезінде адамзат популяциясын жоюған вирустар біздің ата-бабаларымыздың генімен еніп сақтала білген. Бүгінгі таңда адам геномы үш миллиард нуклеинті дананы құрайды. Ал біздің жеке мүмкіншіліктеріміз сол геномның тек 2 пайызына ғана жауап бере алады. Ал қалғандары түсіндіруге келмейтін біріккен моллекулалардың топтамасы. Жақында белгілі болғандай осындай түсініксіз моллекулалар топтамасының 10 пайызы бұрынғы вирустардың қалдығы екен. Олар біздің ата бабаларымыздың геніне еніп, осы күнге дейін сақталып келген.

Генге енген түсініксіз моллекулалық топтамалардың осы күні оянып, түрлі түсініксіз вирустарды тудыруына қазіргі экологиялық ахуал ықпал етіп, түрлі мутациялық штамптар тудыруда.

Осыны қорытындылай келе адазмзат ескімен күресе отырып, жаңа эпидемияларға тқтеп беруді үйренуі тиіс. Короновирус пандемиясы -басымызға түскен ауыр сынақ. Бұл жағдай барлық елдің ғалымдарын бірігіп күресуге , қолдағы барлық мүмкіндікті біріктіруге шақырады. Өкінішке орай қазір бұл ахуалға "new normal" деген ғана түсінік бар.

Алмаз Шарман, медицина профессоры

 

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Отырып жұмыс істегеннің зияны болмас үшін қанша уақыт қимылдаған жөн?
Отырып жұмыс істегеннің зияны болмас үшін қанша уақыт қимылдаған жөн?
Сіз көрмеген әлемнің 7 кереметі
Сіз көрмеген әлемнің 7 кереметі
Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер қандай?
Мемлекеттік Туды пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер қандай?
"Алтын тобылғы-2020" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
"Алтын тобылғы-2020" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"
Қытай зонды Айдан топырақ сынамасын алды
Қытай зонды Айдан топырақ сынамасын алды