Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Антисептикті үй жағдайында қалай жасаймыз?
Антисептикті үй жағдайында қалай жасаймыз?

Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекенде тіпті қалмаған. Мұндайда антисептикті үй жағдайында жасауға болады.

1-рецепт:

- 50 мл 90% медициналық спирт;

- 30 мл глицерин (денсаулыққа, техникаға қолдану үшін әртүрлі майдан жасалатын ақшыл сұйық зат);

- Кез келген эфир майынан 5 тамшы (апельсин, грейпфрут не жалбыз);

Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 

2-рецепт:

- 50 мл су;

- 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);

- 30 мл глицерин;

- 5 тамшы лимонның эфир майы;

Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 

3-рецепт:

- 7 тамшы шай ағашының эфир майы;

- 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);

- 1 ас қасық алоэ гелі;

Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget │ Өз таңбаңды қалдыр (@massaget.kz)17 Мар 2020 в 5:40 PDT

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Flipboard
Қосылған күні: 16 наурыз, 16:36