Коронавирус тағы да 8 елге таралды

Коронавирус тағы да 8 елге таралды
Фото: facebook.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 48 сағаттың ішінде Қытайдан тыс жерде коронавирусты 1848 адам жұқтырғанын анықтаған. 

Вирусты жұқтырғандар саны Қытайдан тыс жерде 10 мыңға жетті. Ал жалпы вирусты жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты.

Ұйымның хабарлауынша, Қытайдан тыс 72 елде коронавирус таралған. Соңғы 24 сағат ішінде 1792 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 166 науқас қайтыс болған. 

“Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адам және одан 3110 адам қайтыс болды”, - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры брифингте. 

Соңғы 48 сағатта Қытайдан тысқары жерде тіркелген 1848 науқастың 80 пайызы үш елге тиесілі: Иран, Италия және Оңтүстік Корея.

Ал вирус тағыда 8 ел: Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалға таралған.

Т. Раушанұлы