Коронавирустан қаза тапқандар саны 2500-ден асты

Қытайда таралған жаңа эпидемия – коронавирустан қайтыс болғандар саны 2500-ден асты. Ал бұл аурудан сауығып шыққандар саны 25 мыңға жуық. 

Қытай Халық Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 150-ге жеткен.  SCMP мәліметтері бойынша осы күнге дейін әлемде 2592 адам осы вирустан қаза болған.

Қытай дәрігерлерінің мәліметтерінше,  Хубей провинциясында 149 адам, бір адам Хайнань аралында қайтыс болған. Эпидемия  басталғалы республикада 49 824 адам жаңа вирусты жұқтырғаны мәлім болған.

24 сағат ішінде Қытайда 409 адам коронавирусты жұқтырғаны анықталған. Олардың 398-і эпидемия ошағы болған Хубей провинциясындағы адамдар. 

Сондай-ақ, қытай медицина қызметкерлері соңғы бір тәулік ішінде 1846 сауығып, емханадан шығарылғанын хабарлаған. Емделгендердің жалпы саны 25 мыңға жуықтаған.

SCMP есептеуі бойынша, әлемде 79 мыңнаннан аа адам жаңа вирусты жұқтырған. Коронавирусты ең көп жұқтырғандар Қытайдан басқа Жапония, Оңтүстік Корея және Италияда тіркелген.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Қытайдан өзге Иранда тіркелген (8 адам). Бұдан басқа Оңтүстік Кореяда 7 адам, Жапонияда 4, Италияда 3 адам аталған вирустан қайтыс болған.