Нефробиопсия деген не?

Нефробиопсия деген не?

Бүйрек — адам ағзасындағы өмірлік маңызы бар мүше. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін 2601 адам бар, оның 74-і балалар. Бүгін назарларыңызға бүйрек жеткіліксіздігі және тағы басқа бүйрек ауруларын емдеудегі ең ұтымды әдістердің бірі — нефробиопсия туралы ақпаратты ұсынамыз.

"Нефробиопсия деген не?", "Бүйрек биопсиясына қарсы көрсеткіштер қандай?" деген сауалдарға А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының уролог-андролог маманы Белгібаев Ернұр Бақытжанұлы жауап берді.

"Нефробиопсия (бүйрек биопсиясы) — бүйрек құрылымындағы ерекшеліктердің және ондағы өзгерістердің сипаттамасын нақтылауға көмектесетін диагностикалық ем-шара.

Биопсия түрлі бүйрек ауруларын, асқыну процесінің деңгейін, бүйрек тініндегі және тамырлардағы өзгерістердің сипатын диагностикалау мақсатында жүргізіледі.

Биопсия диагнозды дәл қоюға ғана емес, емдеу әдісінің тиімді жолын таңдауға және әрі қарайғы емдеу іс-шараларының көлемін бағалауға да мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда биопсияның кең тараған әдісінің бірі — УДЗ бақылауы арқылы орындалатын тері аралық пункция.

Бұл әдістің де белгілі бір қауіп-қатерлері жоқ емес. Сол себепті урологиялық немесе нефрологиялық бөлімшелерде ғана қатаң көрсеткіштер бойынша орындалады. Сондай-ақ пациенттің мұқият дайындығын қажет етеді" - дейді дәрігер.

Қандай жағдайда бүйрек биопсиясын жасауға болмайды?

- Бір ғана бүйректің жұмыс істеуі;
- Новокаинға аллергияның болуы;
- Қан ұйыту жүйесінің бұзылуы (гипокоагуляция, тромбоцитопения, геморрагиялық диатездер);
- Бүйрек артериясының аневризмасы;
- Бүйрек көктамырларының тромбозы;
- Іріңді перинефрит;
- Гидро (пио) нефроз;
- Бүйректің қатерлі ісігі;
- Бүйректің кавернозды туберкулезі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды