Билл Гейтс коронавируспен күреске 10 миллион доллар бөледі

Билл Гейтс коронавируспен күреске 10 миллион доллар бөледі
Фото: vk.com

Әлемнің ең бай адамдары үштігіне кіретін миллиардер Билл Гейтс пен оның жұбайы Мелинда Гейтстің қайырымдылық қоры Қытайдағы коронавирустың жаңа түрлерімен күресу үшін 10 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді.

Қор Қытайда коронавируспен күресу үшін 5 миллион доллар бөледі. Қалған 5 миллион доллар Африкадағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарына, “қара құрлықты” коронавирустың таралуынан қорғау, соның ішінде вирус скринингі, зертханалық бақылау және науқастарды емдеу үшін бөлінеді.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 81-ге жетіп, онымен ауырғандардың саны 3000-нан асты.

Т. Раушанұлы