Неліктен табысы аз адамдар байларға қарағанда жиі ауырады?

Неліктен табысы аз адамдар байларға қарағанда жиі ауырады?

Жақында Cardiovascular Research журналында жарияланған зерттеу нәтижелері төмен жалақы алатын адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан жиі зардап шегетінін көрсетті. Шынында да, айналаңыздағы адамдарға назар аударатын болсаңыз, жағдайы нашар отбасылардың мүшелері табысы жоғары отбасылардың өкілдеріне қарағанда денсаулығының нашарлығын айтып жиі шағымданады. Бұрын ғалымдар бұл заңдылықтың нақты себебін таба алмаған, бірақ жақында жүргізілген зерттеу өте сенімді дәлелдерді анықтап берген. Белгілі болғандай, түнгі демалу сапасы жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайына тікелей әсер етеді екен.

Адам таңдаған мамандық жүрек ауруының даму қаупіне тікелей әсер ететіндігі 111 205 еріктірмен өткізген 8 тәжірибеден соң анықталды. Отбасын қамтамасыз ету үшін бірнеше жерде жұмыс істейтін ер адамдар жиі кездеседі. Әдетте, мұндай кесте адамдарға дұрыс ұйықтауға кедергі келтіреді. Сондықтан олардың ағзасында қысым жоғарылап, жүрек-қан тамыр жүйесін бұзады.

©youtube.com

Нашар ұйқы денсаулыққа қалай әсер етеді?

2019 жылы ғалымдар ұйқысыздықтың көп жағымсыз салдарын тапты. Мәселен, жақында Қытай зерттеушілері ұйқысыздықтың инсульт пен жүрек соғысында ақау тудыруы мүмкін екенін анықтады. 

Табысы аз адамдар көп жұмыс істеп, аз ұйықтағаннан бөлек, ақшаның жетіспеушілігінен депрессияға ұрынады. Жалақыдан жалақыға дейін ілініп-салынып күн көретін адамдардың проблемасы ұйқыға да әсер етеді. Оның үстіне ондай санаттағы адамдар тыныш, шуы аз жерден пәтер жалдай алмайды. Адамы көп, шулы ортада ұйықтау кез келген адамның ұйқысын бұзатыны түсінікті. 

©kino-teatr.ru

Неліктен бай адамдар ауруға аз шалдығады?

Ауқатты адамдарда жүрек проблемалары кем кездеседі, өйткені олар жылына бірнеше рет жақсы демалып, шетелдерге саяхаттайды. Зерттеушілердің айтуынша, ақша оларды жақсы ұйқы, көпшілігінің шулы жолдардан алыс жерде, үлкен үйлерде тұруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғары табыс оларға спортпен шұғылдануға және үй жұмыстарына алаңдамауға мүмкіндік береді.

Швейцариялық эпидемиолог Душан Петровичтің айтуынша, біз адамдар ұйқысының тыныш болуына жағдай жасау үшін реформалар жүргізуіміз керек. Мысалы, әуежайлар мен автомобиль жолдарының жанына үйлер салуға тыйым салу, сонымен қатар барлық ғимараттарды дыбыстық оқшаулауды жақсарту үшін екі қабатты терезелермен қамтамасыз ету сияқты шараларды жүзеге асыру қажет.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Ғарыш температурасы қандай?
Ғарыш температурасы қандай?
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
Мбаппе футбол симуляторында 100 OVR рейтингін алды
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Шахмат үйрен — үлгеріміңді арттыр!
Шахмат үйрен — үлгеріміңді арттыр!