24 сағатта тұмаудан қалай құтылуға болады?

24 сағатта тұмаудан қалай құтылуға болады?

Біздің әрқайсымыз таңертең оянғанда ауырып тұрған болсақ, өзімізді жайсыз сезінудің қалай болатынын бастан кешірдік. The Sun басылымы британ сарапшыларымен жұмыста сергек, ауырмай жүру үшін не істеу керектігі туралы сөйлесіп, керемет күн тәртібін жариялады.

Таң

Күніңізді жылы душпен бастаңыз. Кардифф университетінің профессоры және тұмауды емдеу маманы Рон Эклздың айтуынша, бу мұрынның бітелуін жояды және ыстық су дененің ауырсынуын жеңілдетеді.

Содан кейін нутрициолог Аманда Арселл ұсынған С витаминінің күнделікті мөлшерімен толықтырыңыз. Таңғы асқа апельсин мен киви бар жеміс салатын қосуға болады немесе сүйікті ботқаңызды ұнатқан жидектеріңізбен “безендіре” аласыз. Таңғы кофе мен шайдан бас тартқан дұрыс: олардың құрамында кофеин бар және олар басқа сұйықтықтарға қарағанда дене сіңбейді. Жаңа сығылған апельсин шырыны  күнді сергек қалыпта өткізуге көмектеседі.

Күндізгі уақыт

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда бола салысымен сыртқа шықпай, жыллы бөлмеде болған дұрыс. Егер сыртқа шығу керек болса, ең алдымен мұрныңызды суықтан қорғаңыз. Себебі ағза вирустармен мұрында күресетінін ұмытпаңыз. Мұрныңызды ыстық шарфпен орап, мұрынды ылғалдандыратын спрей алып алыңыз. 

Англиядағы Lister ауруханасының хирургі Адам Фроштың айтуынша, емдеуге арналған ең жақсы тағам – тауық сорпасы. Бұл сорпа ағзаны  нәрлендіріп қана қоймай, жылулық пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Дәрігерлер сонымен қатар мүмкіндігінше су ішуді және алкогольден аулақ болу керек екенін айтады.

Кешке 

Ащы карри тағамын дайындаңыз. Аманда дәмдеуіштер мұрын шырышты қабығын тітіркендіреді және оның бітелуіне жол бермей тазартуды жеңілдетеді деп санайды. Осыдан кейін сіз өзіңізді жақсы сезінесіз.

Көбінесе, суықтың алғашқы белгілерінде адамдар кем дегенде біреуі көмектеседі деп үміттеніп, бірнеше дәріні сатып алады. Бірақ доктор Фрош парацетамол мен ибупрофенді шектеуге кеңес береді. Дозасы өндірушіге байланысты, сондықтан қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Түнде ибупрофеннің 1 таблеткасын қабылдаған дұрыс: оның әсері әдетте ұзаққа созылады және ұйықтауға көмектеседі.

Ертерек ұйықтаған дұрыс. Ұйқысыздық иммундық жүйеге теріс әсер етеді: қорғаныс ақуыздары азаяды. Кем дегенде 8 сағат демалу керек, әйтпесе дененің қорғаныс қабілеті әлсіреп, күнделікті емдеудің әсері азаяды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал