Музыка жаныңызды алып қалса, таң қалмаңыз!

Музыка жаныңызды алып қалса, таң қалмаңыз!

Болашақта музыка хирургиялық емдеудің бір негізгі әдісі болуы ықтимал. Өйткені музыкалық шығарма емделушінің жанын жайландырады. Сонымен қатар ауру адамға музыка тыңдатқызып жатып ота жасаса, жай кезге қарағанда жақсы нәтиже көрсетеді. Соңғы кездері бұл жөнінде медицина саласы жиі айтып жүр. 

Кентукки Университетінің ғалымдары музыканың ауру адамға ота жасауға дейін де, одан кейін де кесірі тимейтінін айтуда. Тіпті хирургиялық ота жасау үстінде де музыка оған кері әсерін бере қоймайды екен. Музыкалық емдеу орталықтары бұл жайында растап отыр.

Осыған байланысты мамандар ауру адамдарға сараптама жүргізді. Музыкалық емдеу арқылы ота жасау кезінде алғашқы адамдардың 15 пайызы жеңіл ауырса, ота жасалып болғаннан кейінгі ауруды тек 14 пайызы ғана сезген. 

Әрине, бәрі де музыкалық шығарманың қалай таңдалғанына байланысты. 

Емделушіге ота жасау кезінде жеңіл әуенді, жай ырғақты музыка керек. Көбіне классикалық туындылар ауру адамға оңынан әсер етеді.

Ал егер емделушінің жаны қаламаса, оны өшіре салған дұрыс. Өйткені ол қанша пайдалы болғанымен, жүйкеге жақпауы бек мүмкін.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: jennyemka.info

А. Әбілхан