Баланың сүт тісі шығуының ең алғашқы белгілері

Баланың сүт тісі шығуының ең алғашқы белгілері
Фото: pixabay.com

Баланың тістері ана құрсағында жатқан кезінде-ақ түзіледі. Оның қызыл иекті жарып шығуы әр балада әртүрлі уақытта жүзеге асады. Көп жағдайда баланың алты айында алғашқы тісі көрінгенімен, кейбіреуде үш-төрт айда, кейбіреуде бір жасқа толғанда шығады. Бұл оның дамып-жетілуіне байланысты емес, әр баланың жеке-дара қасиетіне қарай анықталады. Балада тіс жарып келе жатқанын білдіретін алғашқы белгілері:

– беті қызару;

– ұйқысы бұзылып, түнімен мазасызданып жылауы, ашулануы;

– дене қызуы көтерілуі;

– қызыл иек қызарып, ісініп, ауыруы;

– аузынан аққан сілекей мөлшері көбеюі;

– омырауды қайта-қайта сұрауы, бірақ қызыл иегі ауырсынып, еме алмауы;

– тәбеті жоғалуы, ас қорытудың бұзылуы;

– қызыл иегі қышып, қолын және қолына түскен барлық нәрсені аузына салуы;

– баланың иммундық жүйесі нашар болса, инфекциялық аурулар туындауы;

– иммунитеті әлсіз бала болса, ауру құлағы мен мұрнына да әсер етуі.

Егер қызыл иектен тіс жарып келе жатқан кезде дене қызуы 39 градустан жоғарылап және екі күннен ұзаққа созылса, дәрігерге қаралған жөн.

@. @assel_assanova