"Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы": Қазақстандықтар қаншалық дұрыс тамақтанады?

"Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы": Қазақстандықтар қаншалық дұрыс тамақтанады?
Фото: freepik.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында "Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек",— деген болатын. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарының бірі — халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру арқылы аурулардың алдын алу.

Қазақстан тұрғындары да көптеген әлем елдері секілді созылмалы аурулардан зардап шегеді. Елдегі мерзімінен бұрын өлім жағдайының 86%-ы осы созылмалы дерттердің себебінен болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың емделуін оның алдын алу шараларымен байланыстырады. Кез келген созылмалы ауруды емдеу барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ретінде диета, физикалық белсенділікті арттыру мен саламатты өмір салтын ұстану шаралары ұсынылады. 

Адамның денсаулығына оның тамақтануы әсер ететіндігі мыңдаған зерттеу нәтижесі дәлелдеген дерек. Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі дұрыс тамақтанбау, теңдікті сақтамау салдарынан зардап шегеді. 

Қазақ халқының тамақтану эпидемиологиясы тақырыбында жүргізілген зерттеу жұмысына сүйенсек, белгілі бір аймақ тұрғындары майлы тағамдар, ет пен көмірсуді мөлшерден артық тұтынса,ағзаға көкөніс пен жеміс жейдектен түсетін дәруменнің аздығын байқауға болады. 

Саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін не істеу керек?
1. Балабақша, мектептердегі асханалардың тамақтарын жіті бақылауға алу. Балаларды ерте жастан дұрыс тамақтануға үйрету. 
2. Дұрыс тамақтануды қамтамасыз ететін ұйымдар мен орталықтарды көбейту. Жеткізу қызметін жетілдіру.
3. Спорт саласын жетілдіру. 

Т. Есқали