Салат жапырағының денсаулыққа пайдасы

Салат жапырағының денсаулыққа пайдасы
Фото: www.vix.com

Салат жапырағын күнделікті асүйде қолданғанымызбен, оның медицинада да атқарар қызметі зор. Ол тағамға ерекше дәм береді әрі адам денсаулығын нығайта түседі. Салат жапырағының денсаулыққа пайдасын бірі білсе, бірі біле бермейді. Назарларыңызға салат жапырағының емдік қасиеттерін ұсынамыз.

1. Салат жапырағының құрамында Р, С дәрумені және кальций, темір, йод, калий, мырыш, фосфор мен мыссекілді минералды заттар бар. Сонымен қатар көп кездесе бермейтін лактуцин деген зат бар. Ол жүйке жүйені тынықтырып, ұйқыңызды жақсартады. Ағзадағы тұздың мөлшерін реттейді.

2. Құрамындағы фолий қышқылы мен пектин ішек жолдарының жұмысын реттеп, ағзадағы холестеринді шығарады. Темір тапшылықтың орнын толтырып, қаназдықтан құтқарады. Р дәрумені қан тамырларды жақсартады.

3. Жапырақтың құрамындағы каротиноид  көздің көру қабілетін жақсартып, қырағы етуге ықпал етеді. Сонымен қатар терінің саулығын сақтап, альцгеймер деген аты жаман аурудан сақтайды.

4. Адам ағзасы үшін ең пайдалы фолий қышқылын да осы көктің құрамынан аласыз. Бұл қышқылдың әсіресе жас балалар мен жүкті аналарға тигізер көмегі көп. Ол балалардың қысылмай өсуіне, ақыл-ойының дамуына, иммундық жүйесінің мықты болуына ықпал етеді.

5. К дәрумені сүйек пен қан қысымы ауруларында таптырмайтын дәрумен. Бұл тапшы әрі бағалы затты салат жапырағынан алуға болады. Дәрігерлер өзі арзан, өзі дәмді, өз пайдалы жапырақты «жасыл дәрігер» деп атайды.

6. Тұмауды дәріге қарағанда салат жапырағы тез емдейді.

7. Салат жапырағынан дайындалатын балғын шырынды сумен араластырып ішсеңіз, созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішек жарасына керемет ем болады.

8. Салат жапырағын үздіксіз қолданып жүрсеңіз, қан айналымды реттеп, зат алмасуды жақсартады. Сонымен қатар ағзаңызды бір тәуліктік С дәруменімен қамтисыз. Негізінде ересек адамдар тәулігіне 90 мг С дәруменін алу қажет. Ал 100 гр салат жапырағында 10-нан 50 мл дейін С дәрумені болады.

9. Халық емінде салат жапырағының шырынын шаштың түбін нығайту үшін, ал дәнінен жасалған тұнбаны көкірек сүтін көбейту үшін қолданған.

10. Емдік қасиеті мол салат жапырағын құяң, несеп жолы ауруларында, ауыр әрі созылмалы тоқ ішек ауруларында және бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.

Н. Үсенова