Компьютер алдында тамақтанбаңыз!

Компьютер алдында тамақтанбаңыз!
Фото: pixabay.com

Компьютер алдында тамақ жеу – кеңсе жұмысшыларының көпшілігіне таныс жағдай. Бірі жұмыстың көптігінен үзіліске уақыт таппай, жұмыс үстелінен асығыс тамақтана салса, басқаларына компьютер алдында бірдеңе жеп отыру әдетке айналған. Түскі үзілісті тамақтануға арнаудың себептерін ұсынамыз.

Жұмыс орны шашылады
Компьютер алдында отырып тамақ қиқымын шашпай жеу мүмкін емес. Өзіңіз компьютерге алаңдап отқанда жеп отқан тамағыңыздың қалдығы клавиатураның арасына кіреді немесе шай тамып кетеді. Тіпті, ештеңе төгіп-шашпағанның өзінде жұмыс үстелінің үстінде тамақтардың тұруы оны ретсіз етеді. Яғни, ойыңыз бөлінеді.

Ми экран алдындағы тамақтануды қабылдамайды
Сіз тамаққа зейін қоймай, басқа нәрсеге алаңдап отқандықтан ағза тамақты толыққанды қабылдамайды. Сондықтан көбірек тамақ жеп қою қаупі жоғары. Егер тамақтану үшін жұмыс орнынан шығуға мүмкіндік болмаса, онда аз калориялы тамақ жеуге тырысыңыз және жұмыс істеу барысында ішіп отыратын тәтті газдалған сусындарды қарапайым суға ауыстырыңыз.

Көп уақытыңыз отырыңқы күйде өтеді
Ғалымдар мен дәрігерлер белсенді өмір сүру салты адам өміріне қаншалықты маңызды екенін жиі айтуда. Кеңсе креслосында ұзақ отыру – семіздік, диабет, жүрек аурулары, депрессия және т.б аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан түскі ас ішу – орныңыздан тұрып, қозғалуға бір себеп.

Үзілістер өнімділікті арттырады
Адам көп жұмыс жасаса, нәтиже де жақсырақ болады деген ойдың қисыны бар. Алайда, демалыс – жұмыс процесінің қажетті бөлігі. Адамның ресурсы шексіз емес. Ерекше идеялар мен ойлар демалыстан соң пайда болатынын байқаған боларсыз. Яғни, ми үзілісті қажет етеді. Түскі ас ішу – жұмыстан шамалы уақыт демалуға бір себеп.

Үзіліссіз жұмыс күні ұзақ болып көрінеді
Жұмысыңызды қаншалықты жақсы көрсеңіз де, бір орында отыра беру кез келген адамды жалықтырады. Бітпейтін бір іспен ғана шұғылданудан жалығу адамдарға тән қасиет. Сондықтан арасында басқа да нәрселерге алаңдап тұрсаңыз, тиімділігіңіз де арта түседі. Мысалы, түскі үзілістің жартысын тамақ ішуге, ал қалғанын серуендеуге жұмсасаңыз, үзілістен соң жұмысқа жаңа оймен кірісесіз.

Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес

А. Жапатова