Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Гигиена: Ортақ пайдалануға болмайтын заттар

Гигиена: Ортақ пайдалануға болмайтын заттар

Гигиена: Ортақ пайдалануға болмайтын заттар

Жеке гигиеналық кей заттар түрлі жұқпа тасуы мүмкін. Мысалы: қына, дисбактериоз, ұшық, гепатит. Сондықтан, тіпті, жақындарыңызға да беруге болмайтын заттар тізімін ұсынамыз.

1. Сүлгі

Басқа біреудің ылғал сүлгісіндегі бактериялар мен зең безеу, қышыма және конъюнктивит шақыруы мүмкін. Оны болдырмас үшін өзіңіз де әр төрт рет қолданған соң сүлгіңізді жуу керек және әр қолданған сайын толықтай кебуін қадағалау қажет. Қонаққа барғанда қағаз майлықтар қолданған жөн.

2. Тіс щеткасы

Тіс щеткасы әрдайым ылғал күйінде жылы жерде тұрады. Сондықтан ондағы ауру тудыратын микроағзалар өте жылдам көбейеді. Сол себепті біреудің тіс щеткасын, жуынатын ысқышын (губка) және аяққа арналған пемзасын қолдануға болмайды. Ал өзіңіздің жеке гигиеналық заттарыңызды жиі ауыстырып тұру керек.

3. Ұстара, қысқыш (пинцет), маникюр қайшысы

Қырыну кезінде  ұстараның жүзі терінің бактериялармен араласқан өлген жасушаларын жинайды. Егер ұстараны жақсылап жуып, толықтай кептірмесе, ол қына, фолликулит және кандидоз қоздырғыштарына арналған ортаға айналады. Сондықтан дәрігерлер ұстараға жиі дезинфекция жасауды ұсынады.

4. Косметика

Ерінде түрлі микробтарға сезімтал келетін қантамырлар бар. Ұшықты басқаның ерін далабы немесе макияжға арналған жаққышы арқылы жұқтырып алуға болады. Бірақ ол көбінесе ұшығы бар адамның косметикасын қолданғанда қауіпті. Осы себепті де дүкендегі косметика сынаспаптарына (пробник) тимеген жөн.

5. Құлаққап

Құлық қышқыл орта түзеді және жұқпаның көбеюіне жол бермейді. Бірақ ол саңырауқұлақтарға кедергі емес. Шамамен 7% адамдарда құлақ саңырауқұлағы бар. Егер басқаның құлаққабын қолданатын болсаңыз, оны дезинфекциялауды ұмытпаңыз.

Құлаққап таңдай білеміз бе?

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Бублик - Delfi
Қосылған күні: 04 ақпан, 10:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.