Конъюнктивит туралы не білеміз?

Конъюнктивит туралы не білеміз?
Фото: kuka.msk.ru

Конъюнктивит (көздің қарығуы) – көздің шырықты қабығының қабынуы.

Конъюнктивит бірнеше себептерден пайда болады:
- вирустар;
- бактериялар;
- сусабын, шаң, түтін секілді қоздырғыштар;
- аллергия (мысалы, шаңға немесе линазаға ерекше аллергия).

Кей бактериялар мен вирустардың себебінен туындаған коньюктивит бір адамнан екіншіге жылдам тарайды. Алайда, егер оған жылдам анализ жасалса, адам денсаулығына айтарлықтай зияны болмайды. Бірақ жаңа туылған нәрестені коньюктивиттен сақтаған жөн, себебі мұндай жұқпа олардың көруіне қатер туындатуы мүмкін.

Мұндай жағдайдың белгілері оның қабыну себебіне байланысты түрлі болады, бірақ келесілерді қамтуы мүмкін:
- көздің ағы және қабақтың ішкі тұсының қызаруы;
- жастың көбеюі;
- таңертең ұйқыдан тұрғанда кірпік арасына былшық түзілуі;
- көзден ақ және жасыл зат бөлінуі;
- көздің қышуы;
- көздің қызуы;
- көз көруінің бұлдырауы;
- жарыққа деген жоғары сезімталдылық.

Егер осы белгілерді байқасаңыз, көз дәрігеріне қаралыңыз. Ол оның пайда болу себебін анықтап, емделу жолын ұсынады. Конъюнктивитті емдеу оның пайда болу себебіне тікелей байланысты.

Конъюнктивит белгісін жеңілдету үшін көзіңізді шаң-тозаңнан және басқа да қоздырғыш заттардан қорғаңыз, макияж жақпай тұра тұрыңыз және егер линза тағатын болсаңыз, оны қолданбай күте тұрыңыз.

Конъюнктивит басқа адамға жұқпауы үшін не істеу керек?

Егер сізде немесе балаңызда коньюктивит болса, келесі ережелерді ұстаныңыз:

- Зақымдалған көзіңізді ұстамаңыз және уқаламаңыз;
- Қолыңызды сабынмен және жылы сумен қайта-қайта жуып жүріңіз;
- Көзден бөлінген кез келген затты бірден таза мақтамен тазартып, мақтаны лақтырып тастаңыз. Содан соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
- Төсек-орын тысын, сүлгілерді ыстық суда сабындап жуыңыз;
- Макияждан аулақ болыңыз;
- Басқа адамның линзасын тағып көрмеңіз;
- Көзге тамшы тамызған соң немес май жаққан соң, міндетті түрде қолыңызды сабындап жуыңыз.
Егер балаңызда вирусты немесе бактериялы коньюктивит болса, бала-бақшаға немесе мектепке жібермей тұра тұрыңыз.

А. Жапатова