- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ангинаны емдеуде жіберілетін...
Ангинаны емдеуде жіберілетін 3 қателік
Ангина – жедел тонзиллиттің немесе көмекей бездің қабынуының тағы бір атауы. Дұрыс емдемеудің салдарынан обструктивті дем тоқтауы, тыныс алудың бұзылуы, жүрек, бүйрек және буындардың проблемасына әкелуі мүмкін.
Көмекей бездер – бактерияларды тыныс алу жолына түспестен бұрын "қағып алатын" сүзгі. Олар жұқпамен күресу үшін антиденелер бөледі, бірақ өздері де жұқтырып алуы мүмкін. Бактериялар мен вирустардан көмекей бездер ісіп кетеді және қабынады – осылай тонзиллит пайда болады.
Ангинаны қалай емдеу керек?
Оны емдеу аурудың пайда болу себебіне байланысты:
- Стрептококк және стафилококк бактериялары;
- Эпштейн-Барра және грипп вирустары.
Аурудың себебін анықтау үшін дәрігер кейде тест жасайды. Ол тамақтан көмекей бездердің қасынан кішкене бөлік алып, зерттейді. Егер стрептококк және стафилококк пайда болса, ангинаның табиғаты бактериялық болғаны. Егер бұл бактериялар шықпаса, ол вирусты ангина болады. Кейде вирусты ангинаны былай анықтайды:
- 38 градус температура;
- жөтел және қарлыққан дауыс;
- кейде таңдайдағы ұсақ қызыл бөртпе;
- көмекей бездердегі іріңсіз ақ дақтар;
- тамақ қышу.
Дәрігер ауру себебін анықтағаннан кейін дәрі жазып береді. Өздігінен емдеумен айналысуға болмайды.
Ангинаны емдеуде жіберілетін 3 басты қателік:
1. Ауырып тұрып, екі аяқта жүру
Тамағыңыз ауырып тұрса да, температура қатты жоғары еместігін себеп етіп, жұмысқа бара бересіз. Алайда олай істеу қауіпті. Біріншіден, ауруды жұқтырып алуы мүмкін әріптестеріңізді ойлаңыз. Екіншіден, ауруды асқындырып, өзіңізге зиянын тигізесіз. Бактерияларға қарсы тұру үшін иммунды жүйеге күш керек. Емделмесеңіз, микробтар белсенді көбейе бастайды. Содан соң бактериялар көмекей бездердің шегінен шығып, қанмен бірге төмен түсе бастайды. Ол жүрек, бүйрек және буындар ауруларының пайда болу қаупін төндіреді.
2. Өз-өзіңізге антибиотик жазу
Егер тонзиллит вируспен шақырылған болса, оны кетіруге антибиотик көмектеспейді. Бұл жағдайда ем белгілерді кетіруге ғана бағытталуы керек. Сондықтан вирусты ангина мыналарды қажет етеді:
- демалу;
- тамақтағы ауруды жеңілдету үшін көп сұйықтық ішу;
- бөлмені жиі желдету;
- тамақты шаю;
- анестетигі бар кәмпит сору.
3. Халықтық құралдармен емделу
Кей халықтық әдістер керісінше, тамаққа кері әсерін беруі мүмкін:
- жүнді шарф тамаққа қан құйылуын жоғарылатып жібереді, сол үшін оның ісуі де үлкейеді;
- бал мен тосап – бактерияға арналған қорек ортасы;
- Қышқыл азық-түліктер тамақтың ісіп тұрған шырышты қабығын тітіркендіреді.