Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Сіз қандай ән тыңдайсыз?
Сіз қандай ән тыңдайсыз?

Автор: Жандарбек Жұмағұлов

Статус: Контент-менеджер

Ең бай адам болғыңыз келе ме?
Ең бай адам болғыңыз келе ме?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тамақты немен шаюға болады?

Тамақты немен шаюға болады?

Тамақты немен шаюға болады?

Күздің алғашқы айымен бірге суық тигізіп алу қаупі де ере келеді. Түшкіру мен жөтелді түрлі ерітінділермен тамақты шаю арқылы кетіре аласыз.

Kөп жағдайда инфекция адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Бастапқыда ауыз қуысы мен тамақтың ішінде болатын инфекцияны шайып шығаруға болады. Тек ауыз бен тамағыңызды немен шаятындығын таңдау керек.

Фурацилин

Танымал фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стақан жылы суға ерітіңіз. Фурацилин ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді екен. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз.

Теңіз тұзы ерітіндісі

Теңіз тұзы тамақ пен ауыз микрофлорасына пайдалы болатын түрлі минералдарға бай. Тұз бактерияларды өлтіріп, қабынуды басады. 1 шай қасық ас тұзын 1 стақан қайнаған жылы суда ерітіңіз. Осылай күніне 3-4 рет қайталаңыз.

Ас сода ерітіндісі

Тамағыңыз ауыра бастағанда, ас содасының ерітіндісімен тамақ шайған дұрыс. Ас сода ерітіндісі микробтардың 70 пайызын өлтіріп, тұмауды басынан-ақ жаза алады. Бастысы соданың судағы концентрациясы екен. 1 ас қасық ас содасын 1 стақан суда ерітіп, күніне 2-4 рет шайыңыз.

Қырмызы тұнбасы

Қырмызы (календула) тұнбасы тамақтың ауырғанын керемет кетіре алады. 4 ас қасық қырмызының кептірілген күлтелерін қайнап тұрған суға салыңыз. 15 минут өткеннен кейін, қажет болған жағдайда тұнбаны сұйылтып, ерітіндімен тамағыңызды күні бойы 3-4 рет шайыңыз.

Жалбыз тұнбасы

Емдік өсімдіктердің арасында жалбыз антисептикалық және бактерияға қарсы қасиетке ие. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стақан ыстық суға салыңыз. 15 минуттан кейін, шөпті алып, тағы да 1 стақан су қосыңыз. Осы ерітіндімен тамағыңызды күніне 2-4 рет шайыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: liveinternet.ru

9552 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2013, 20:27
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2013, 21:14

Жақсы кеңестер екен, тамақ ауырған кезде барлығы да көмектесеі...

+0
27 қыркүйек 2013, 09:51

Осыны жазғанымнан кейін-ақ тамағым ауыр бастады. Бүгін тұзбен шаюды бастадым

+0
27 қыркүйек 2013, 11:40

Фурацилин мен ас содасын көп қолданам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...