Тұмаудан сақтандыратын 7 тәсіл

Тұмаудан сақтандыратын 7 тәсіл
Фото: SteemKR

Адам баласының тұмау және ЖРВЖ-мен күресуіне өмірінің 6 жылы кетеді екен. Тамағы мен басы ауырып, жөтел қысып, төсек тартып жата берген, әрине, кім-кімге де ұнамайды.

Жылдың осы мезгілінде адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп, кейбір мәселелерді ескергені жөн.

1. Міндетті түрде ұйқыңыз қанық болсын

Тәулігене 7 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар тұмаумен 3 есе жиі ауырады екен. Жұмыс күндері ұйқыңызды қандыра алмасаңыз, демалыс күндері ұйықтаңыз. Жұмыс күні аяқталған соң, дұрыстап тынығуға тырысыңыз. Тек ұйқыңыз тыныш болу үшін ұйықтататын дәрілердің көмегіне жүгінбеңіз. Бұл таблеткалар - иммунитеттің жауы. Есесіне ұйықтар алдында серуендеп келіңіз немесе ортопедиялық жастық сатып алыңыз.

2. Диета ұстамаңыз

Қыста организм суықтан қорғану үшін белгілі мөлшерде май жинайды. Егер сіз сол майлардан арылсаңыз, бірінші кезекте иммунитет зардап шегеді. Лимфоциттердің және макрофагтардың қабырғалары - біздің қорғаныш жасушаларымыз - липидтерден, яғни майдан тұрғандықтан, майсыз диеталар зиян.

Маусымдық тұмау эпидемиясы кезінде азық-түліктердегі калория мөлшерін тіпті арттырып, дәрумен-минералды кешендерді алу қажет. Әсіресе селен және мырыш пайдалы. Бұл микроэлементтер иммунитетті нығайтады.

Есте сақтау қажет: Қыста тағам құрамында ақуыз көп болу керек. Егер арықтағыңыз келсе, онда наурыз айының ортасынан бастап диета ұстаған жөн.

3. Бірақ тым артық салмақ та қоспаңыз

Майдың артық мөлшерде болуы иммуниттетті төмендетіп жібереді. Ақуыздың көп мөлшерде болуы бүйрек пен асқазан-ішек жолдарына салмақ түсіреді. Қанттың көбеюі семіздікке әкеп соғады. Аса семіздік пен аса арықтық иммунитетке өте зиян.

4. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын

Егер сіз күйзелісте немесе көңіл-күйіңіз болмай жүрсе, суық тигізіп алу, тұмау жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар адам жұмысбасты болып, күндіз-түні жұмысқа беріліп кетсе де тұмауды тез жұқтырады. Сондықтан тынығыңыз, бір-екі күн өзіңізге демалыс жариялаңыз.

5. Белсенді болыңыз

Мамандар жоғары жүктемелер кезеңінде спортшылар арасында кейбір иммуноглобулиндердің жоғалып кететінін айтады. Ағза өзінің бар күш-қуатын жеңіске жету жолына арнайды, бұл кезде ағза жұқпалы аурулардан қорғануды тоқтатады. Соның кесірінен спортшылар жиі ауырады екен.

Есте сақтаңыз: маусымдық тұмау кезінде ауыр жаттығулар иммунитетті төмендетеді. Қыс мезгілінде жаттығу залдарына барғаннан гөрі йога, пилатес сынды спорттық билерге қатысқан жөн.

6. Шынығыңыз

Салқын душ пен аяқты салқын не ыстық сумен жуу да өз пайдасын тигізеді. Бірақ дәрігерлер салқын суға түсуге тым әуестеніп кеткен де дұрыс емес дейді. (мұздай сумен құйыну, қыста өзенге шомылу)

7. Қолыңызды сабынмен жуыңыз

Қолыңызды әрдайым сабынмен жууға мүмкіндік болмаса зарарсыздандырғыш майлықпен сүртіңіз. Салқын тигеннен болатын аурудың 90 %-ы қол арқылы жұғады екен. Қол алысып амандасқанда, есік ашқанда, қоғамдық көлікте тұтқалардан ұстанған кезде.

Қол орамалын тастамайтын адам вирустың қалдықтарын жұқтырады. Ол сол қолымен әр нәрсені ұстап, вирус жұқтыруы мүмкін.

Есте сақтаңыз: жұмыс уақыты кезінде қолын кемінде 5 рет антибактериялық гельмен сүрткен адам тұмаумен де аз ауырады және көп жөтелмейді.

Дереккөз: baq.kz

Н. Үсенова