- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аяушылық білдіру денсаулыққа...
Аяушылық білдіру денсаулыққа зиян
Бізді балалық шағымыздан бастап аяушылық білдіруге үйретеді. Ата-аналар мен мұғалімдер оның дұрыс және жақсы екенін айтады. Ал Йель университетінің психология профессоры Пол Блумның ойынша, аяушылық білдіру асыра бағаланған. Оның Баффало университетіндегі әріптестері эмпатияның денсакулыққа зиян екендігін ескертті.
Аяушылық білдіру қабілеті 90% қоғамға байланысты, ал қалған 10% генде болады. Эмпатия жүруден және сөйлеуден бұрын пайда болады. Мысалы: балалар тіс дәрігеріне кезекте отырғанда бір бала жылап бастаса, бірден басқалары да қосыла жылайды. Олар өздері не үшін жылап жатырғандарын білмейді. Олар жай серік болып, санасыз түрде аяушылық білдіру сезімімен жылайды.
Біз эмпатияға қабілетті жалғыз түр емеспіз. Вашингтон университетінде шимпанзе Уошоға ым-ишарат тілін үйрете бастаған. Бір күні оның қараушысы Кэтте түсік болып, Уошоға біраз уақыт келмей қояды. Оған шимпанзе ренжіп қалады да, Кэт келген кезде оны елемегендей болады. Бірақ Кэт ымдап, бала түсіріп алғанын айтқанда, Уошо оны құшақтап, "көз жасын" ымдап көрсеткен.
Аяушылық білдіру – өзімшілдік пен немқұрайлыққа қарсы құрал. Оның арқасында біз айналаны түсінеміз, басқаның бақытына қуанамыз және қайырымдылықпен айналысамыз. Оның пайдасымен қатар денсаулыққа зияны да бар екен. Аяушылық білдіруге бейім адамдар жиі күйзеліспен, жабырқаңқылықпен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен жиі ауырады. Психологияда тіпті, эмпатиялық күйзеліс деген диагноз бар. Мысалы, досыңыздың баласы суға кетсе, эмпатияға бейім болсаңыз, оның сезінген қайғысы мен ауыртпалығын сіз де дәл солай өткересіз. Ал олай ешкімге пайда жоқ, сіз тек эмоционалды шаршайсыз.
Өзіңіз қиналмай, бірақ басқаға көмектесуге болады. Мысалы, дәрігерлер емделушілерге өз қамқорлықтарын көрсетеді. Жедел желі қызметкерлері адамдарды өздеріне қол жұмсаудан құтқарады. Басқалардың қайғысымен жұмыс істеу кезінде өздігімен қорғаныш механизмі пайда болады: егер сезімге берілсеңіз, жүрекке көпсағаттық ота жасау немесе сотта істі жеңіп шығу мүмкін емес. Қайырымдылық қорларында былай деп айтады: ең кішкентай көмек әрқашан ең үлкен аяушылық білдіруден жақсы.
Қалай дұрыс аяушылық білдіру керек?
Денсаулығыңызға ұқыпты болыңыз және өзіңіздің жеке сезімдеріңіз жайлы ұмытпаңыз. Өзіңізді жауапкершілікпен жүктеп қоймаңыз. Оған қалай көмектесе алатындығыңызды ойлап, өзіңізге адекватты тапсырма қойыңыз. Мысалы, әлемдегі жалғыз қарттар санын азайтуды ойламай, қарттар үйіне барып, көмегіңізді көрсету немесе басқа да проблеманы ойлап, мазасызданбай, соған қатысты нақты бір нәрсе жасап, үлесіңізді қосыңыз. Басқаны түсіне отырып, өзіңізді жоғалтып алмауды ұмытпаңыз.
А. Жапатова