Ишара тілі әр елде әртүрлі

Ишара тілі әр елде әртүрлі
Фото: visual.ly

"Әр елдің салты басқа" демекші ым-ишира амалдары да әртүрлі мағына білдіреді екен. Бұл елдің менталитетіне, танымына байланысты. Өзге елге шыға қалсаңыз, өзімдікіне салынып, оларға оғаш көрінетін ишараны көрсетіп алып жүрмеңіз. Олай болса, іске сәт!

Аустралияда, АҚШ-та, Ресейде, Ұлыбританияда, Канадада және біздің елде бұл ұғым "жарайды" деген келісу мағынасы білдірсе, Бразилия мен кейбір азиялық мемлекеттерде дөрекі мағына үстейді екен.

Бұл белгіні алғаш рет АҚШ-та өткен рок концертінде Ронни Джеймс Дио есімді рок әншісі көрсеткен екен. Кейін бұл ишарат рок әншілердің белгісіне айналғандай. Ал Италияда, Бразилияда, Колумбия, Португалия, Испания елдерінде бұл белгіні адам жанындағы серігінің артынан көрсетсе, "бұл адам менің тірегім" деген мағынаны білдіреді екен.

Италияда бұл ишарат түсінбеген кезде "не айтқыңыз келді?" дегендей мағына білдірсе, Конго Демократиялық Мемлекетінде мөлшерді көрсетеді екен. Түрік қандастарымыз бұл ишаратты "çok güzel" деп әдемілікті білдіреді. Ал Мысырда "бір минутта боламын" деген мағынаны білдіреді.

Көпшіліктің танымында құптау немесе ұнау мағынасын білдіреді. Ал Латын Америкасында, Батыс Африкада, Иран, Ирак, Ауғанстан елдерінде "табаныңды жалтырат" деген дөрекі мағына үстейді.

Аустралияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада бұл ишарат сәттілік тілеу мағынасын білдірсе, кейбір елдерде өтірікті жасыру үшін қолданады екен.

АҚШ-та бұл белгі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Аустралия мен Ирландияда, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда жақсылықтың белгісі емес.

Аустралияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада бұл ым-ишарат белгісі "Бері кел" деген мән берсе, Филиппин елінде бұл өзгені өзінен төмен санағандықты білдіреді.

Бельгия, Нидерланд, Германия, Аустрия елінде бұл белгі "екі" санын, Қытайда "сегіз" санын білдіреді, ал Италияда бұл белгіні жамандық белгісі ретінде қолданады.

Г. Берік