- Негізгі бет
- Денсаулық
- Смартфон пайдаланғанда ескеретін...
Смартфон пайдаланғанда ескеретін 5 жаттығу
Омыртқа адам ағзасындағы ең маңызды дене мүшесі. Ол орталық миды дене мүшелерімен байланыстырып, адам ағзасының қозғалысын реттеп отырады. Омыртқа ауруы ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселелерідің бірі болып отыр. Өзімізді дұрыс ұстамау, дұрыс отырмау, басымызды дұрыс емес ию омыртқаға артық салмақ түсіреді. Осының салдарынан түрлі омыртқа ауруларына шалдығып жатамыз. Бүгінгі заман адамы күніне 4 сағаттай уақытын гаджеттерді пайдалануға жұмсайды екен. Осы жағдайды ескеріп смартфонды қолданғанда омыртқаға зиян келтірмеудің бірнеше жолын ұсынамыз.
1. Гаджетке мойынды имей қарау керек. Тек, көзіңіз жұмыс істесін. Смартфонды жоғарырақ көтеріп пайдаланыңыз.
2. Смартфон пайдалану кезінде жиі-жиі мойныңызды оң және солға бұрып, жаттығу жасап тұрыңыз.
3. Мойын омыртқаңызға жиі массаж жасап тұрудың зияны жоқ.
4.Телефонды 10 минуттан артық пайдалансаңыз қолыңызды алға, артқа созып жаттығу жасаңыз. Бұл ұзақ уақыт қозғалмай қалған қол бұлшықеттерін босаңсытады.
5. Әрқашан смартфонды дұрыс қолдану омыртқа ауруларына шалдықпаудың жолы екендігін естен шығармағаныңыз абзал.
Т. Раушанұлы