Ең қымбат гаджеттер

Ең қымбат гаджеттер

Біз «Неге осы үш мың долларға ноутбук алады екен, одан да тебілген автокөлік алмай ма?!» деген сөзді жиі естіп жатамыз. Мұндай көзқарас түпкілікті дұрыс емес. Егер адамда сондай мүмкіндік болса, неге пайдаланбасқа? Бір жағынан қалтафонды миллион немесе одан да көп американдық «жасыл» ақшаға алып жататындарды түсіну қиын. Бірақ, әрине қалағаныңды алып, сағанағың сарқ, қағанағың қарқ болып өмір сүрген де жақсы ғой. Міне осы кезде алтынмен апталған, күміспен күптелген гауһар гаджеттер көмекке келеді. Қараңыздар, қызғаныңыздар.

1. Ең қымбат телефон Diamond Crypto Smartphone деп аталады. Сыртқы түрі Ресейдегі ұсақ-түйек әшекей дизайнері Питер Элойсонмен жасалған. Қалтафон корпусы жүздеген гауһармен әрленген, корпустың бір бөлігі қызғылт алтыннан, ал қалғаны платинадан жасалған. Сондықтан бағасы да соған сәйкес 1,3 миллион АҚШ долларының шамасында.

2. Ең қымбат портативті плеер. Әдетте қалтафон бай иесінің мәртебесін көрсетсе, плейерлер нені аңғартатыны белгісіз. Дегенмен Douglas.J Music Group фирмасы шығарған The Presidential MP3 плейерінің бағасы 45 мың долларға жетіп жығылады. Сатып алушылар корпусын әдеттегідей қалдыруды немесе ақ алтынмен аптауды шешетін болды. 

 

 

3. Ең қымбат ноутбук. Otazu Ego Diamond атты ноутбук 350 мың доллар шамасында  тұрады.  Сыртқы түрі ескі iBook G3 Clamshell-ге қатты келеді. Аппарат 12 дюймді дисплеймен, Radeon Express бейнекартасымен және сәнді оптикалық жетекпен жабдықталған. Құрылғыны шығарған Ego компаниясының символы қызғалдақтың белгісі 470 гауһармен көмкерілген екен. Клиенттің қалауы бойынша, корпусқа гравировка, яғни жазба жазылады.

 

4. Ең қымбат фотокамера. Егер сандық емес фотоаппараттарды айтсақ, әрине 1939 француз шебері жасаған Суссе Фререс атты ең ескі фотоаппарат 2007 жылы 800 мың долларға сатылған рекордын ұстап тұр. Әрине мұндай «гаджетті»  ақсүйектер ортасында ұстап жүру ыңғайсыз, бірақ оған миллионға жуық ақша салғаны анық. Ал сандық камерлардың ішіндегі алтын-гауһармен апталмағаны - бірегей кәсіби Hasselblad H2D фотоаппараты. Оның бағасы 40 мың доллар болды. 

 

 

5. Ең қымбат PEZ кәмпиттерінің дозаторы. Сіз түймені басып қалсаңыз, сіздің аузыңызға кәмпит түседі. Бір қарағанда, ешқандай кереметтігі жоқ. Бір бірақ дегені болмаса. 1982 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік жәрмеңкеде екі дозатор халыққа ұсынылды.  Содан бері үнемі екі дозатор соңынан сатып алушылар қуғыны басталды – бір күні оның бірі 100000 АҚШ долларына сатылған екен!

Автор: Данияр Сәкенов

D. SAKEN