Ғалымдар тіс кіреукесін қалпына келтірудің жолын тапты

Ғалымдар тіс кіреукесін қалпына келтірудің жолын тапты
Фото: adento.ru

Лондондағы Мария ханшайым университетінің ғалымдары тіс кіреукесін (тіс эмалі) қалпына келтіретін дәрі жасап шығарды. Бұл туралы Nature Communications журналында жазылды.

Медицинада осыған дейін тіс кіреукесі зақымданса, қайта қалпына келмейді деген түсінік болды. Мұның соңы көбіне тісті жұлумен аяқталатын. Ал жаңа материал тіс кіреукесін қайта қалпына келтіруге айтарлықтай көмектеседі екен. Оны жасауда кристаллдар санын арттыратын ақуыз пайдаланылған.

Жаңа дәрілік материал тісті ыстық пен суықтан, тіпті тәттіден де 10 жылдай қорғай алады. Ғалымдардың айтуынша тісті шіруден де қорғайды.

Н. Үсенова