Медицина дамыған 10 ел: Қытай қайда?

Медицина дамыған 10 ел: Қытай қайда?
Фото: fithacker.ru

Әлемде ешқашан өлмейтін, даму үстінде ғана жүріп отыратын тұрақты төрт мамандықтың бірі – медицина саласы. 

Медицинасы дамыған елдің болашағы зор. Басты себеп – халық жағдайының жақсаруы. Деніңіз сау болса, басқасының бәрі орындалады. Ал аура қалсаңыз, емін таба алмасаңыз, жағдай қиын. Сондықтан, мемлекет экономика саласынан кейінгі кезекте елдің медицинасын алдыға қоюы керек. Дәл осындай мақсатта жұмыс жасап, әлемнің үздік ондығына кірген мемлекеттермен таныс болыңыз. 

1. Швеция 

Швеция – саяси-экономикалық жағынан да алдыңғы қатарда тұратын елдердің бірі. Тек ақша мәселесіне келген кезде емес, халықтың тұрмыс-тіршілігі, денсаулығына да мән береді. Ел билігі халықтың денсаулық сақтау мәселесі үшін кірістің 97%-ын бөледі. Иә, бұл шындық, ешқандай жалған ақпарат емес. 97% кіріс деп отырғанымыз, табыс көзінің 3-ақ пайыз көрсеткішін құрайды екен. 

Елдегі медицинаның дамуына басты себеп: тұрақты экономика, дамыған технологиялар және білікті дәрігер мамандардың қалыптасуы. 

Швецияда балалар 19 жасқа дейін тегін ем алады. 

2. Швейцария 

Кішкентай ғана жерде жатқан елдің байлығы жайында айтудың қажеті де шоқ шығар. Себебі елдің экономикасы даму жағынан әлемдегі үштікке кіреді. Басты себеп – банк жүйесінің тұрақты және айналмалы жүйе бойынша қалыптасуы. Ал енді медицинасына келсек, ол жағынан да кенде емес. 

Жер бетіндегі ең ұзақ жасайтын елдердің қатарына кіретін Швейцариядағы ерлердің өмір сүру жасы орташа есеппен – 80,5 болса, әйелдер – 85 жас. 

Елдегі медицинаның үздік болуы халықтың жағдайы жақсы болуымен байланысты. Елде орташа тап және байлар бар. Кедейлер жоқтың қасы деуге де болады. «Ең бақытты ел» атауына да лайық болған осы – Швейцария. Бұл елде медицина саласы толығымен тегін. Тек кейбір жағдайларда ғана халық емнің жартысынан аз бөлігін төлемесе, бәрін мемлекет өзі жабады. 

3. Оңтүстік Корея 

Үштікке Оңтүстік Корея кіреді деп ойламаған шығарсыз, бірақ бұл ел өзінің лас экологиясымен күресу мақсатында медицинаға 100% көңіл бөлген. Бір сөзбен айтқан кезде халық медицина жағынан толыққанды көмек алады және емделеді. Себебі, билік халықтың тыныш әрі дендері сау болып өмір сүргенін алға тартады. 

4. Аустралия 

Аустралияның медицина саласы ғана емес, экологиясы да таза әрі халық үшін өмір сүруге ыңғайлы. Климаттық жағдайы да керемет. Елдің медицина саласына салып отырған қаржылық үлесі 75%. Ал қалған 25%-ы сақтандыру бойынша жүзеге асады. 

Аустралияда тіс емдету, оптометрия және жедел жәрдем қызметінен бастап түрлі салалық қызметтері тегін. 

5. Италия 

Ең үздік ондықтың ішінде Италия да бар. Италияның медицина саласына салған күші Аустралиядан 0,1 пайызға қалып кетуі мүмкін. Бірақ, бірдей. Ал халықтың өмір сүру жағынан Швейцариямен терезесі тең деуге болады. Себебі, мұндағы халықтың өміру жасының орташа есебі – 82 жас. 

Жеке және мемлекеттік ауруханаларға ота жасауды тегін. Қандай ота түрі болса да, тегін жасалады.

Аталған бестіктің ішінде бес мың жылдық тарихы бар қытай медицинасы кірмегені таңғалдырады.  

Жалғасы

М. Ақан