Дерматологқа қай кезде бару керек?

Дерматологқа қай кезде бару керек?
Фото: twitter.com

Дерматология деген сөзді естіп, оның мағынасын білгенімізбен, қызметі жөнінде кеңінен біле бермейміз. Тері ауруларын емдейтін бұл мамандық иелері шаш пен аяқта болатын таз ауруларын, жасыңызға байланысты терідегі өзгерістерді де емдей алады. Қазіргі таңда тері ауруларының көптеген түрі бар. Мәселен, псориаз (терінің созылмалы ауруы), есекжем (экзема), нейродермит (жүйке жүйесі ауруларымен байланысты тері қабынуы). Ал бұдан басқа да көптеген созылмалы ауру түрлерін білгіңіз келсе, соңына дейін бізбен бірге болыңыз.

Дерматолог қандай ауруларды емдейді?

— Тері боғламасын (актиномикоз);
— Алопеция (шаштың түсіп қалуы);
— Терідегі қан тамырдың қабынуы;
— Сүйелді;
— Ақтаңдақты (витилиго);
— Соз (гонорея) ауруын;
— Терінің қабынуын;
— Терінің қабыршақтанып бүкіл денеге жайылуын (ихтиоз);
— Тері кандидозын;
— Тері қышымасын;
— Теріге шығатын кандиломаны (сүйел тәрізді өсінді);
— Алапесті;
— Теміреткіні;
— Тазқотырды;
— Қышыманы;
— Тері ісігін;
— Терідегі безеуді емдейді.

Дерматолог дәрігеріне қай кезде бару керек?

— Теріңіздің түсі өзгерсе;
— Түрлі-түрлі дақтар шықса;
— Әртүрлі бөртпелер шықса;
— Әжім мен ісік пайда болса;
— Теріңізде жарықшақ пайда болса;
— Безеу, ұшық шықса;
— Целлюлит (тері астындағы шелмайдың қабынуы) кезінде міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Қандай талдау-сараптау жасату керек?

— Жалпы несеп пен қанды анықтау үшін;
— Иммуноглобулинді анықтау үшін;
— Аллергиялық жүйені;
— Қызылша ауруын анықтау үшін;
— Мерез ауруын анықтау үшін;
— І-ІІ, ІІІ, ІV, V, VI  топтағы герпевирусты анықтау үшін;
— Ұшықтың жұқпалы екенін анықтау үшін;
— Аяқтағы таз ауруын анықтау үшін.

Дерматолог қандай диагностикалық тексерулер жүргізеді?

— Микроскоп арқылы тері қышымасын анықтау;
— Цитология арқылы тері рагын және сүйел сияқты жараны тексереді;
— Гистология (адам денесінің көзге ілінбейтін құрылысын тексереді);
— Бауырды, бүйректі, өт пен ұйқы безін ультра дыбыстық зерттеуден өткізеді.

Н. Үсенова