Сидней университеті медицина үшін жаңалық ашты

Сидней университеті медицина үшін жаңалық ашты
Фото: hi-news.ru

Сидней университетінің мамандары жаңа имплантталған керамикадан жасалған сүйекті ойлап тапты. Оны 3D принтерде басып шығару арқылы жүзеге асырды. Осының арқасында сүйектің қалпына келуі тез жүзеге асып, уақыт өте келе имплантант сүйек қабымен бірігіп кетеді. 

Профессор Хала Црейкат өзінің әріптестерімен бірге сүйектің сынғаннан кейінгі қалпына келуінің тез әрі толыққанды түзеліп кету мәселесін ұзақ бақылады. Белгілі болғандай ауыр жарақат алған сүйектердің қалпына келуі қиын. Оның үстіне қалпына келген сүйектің өзі толық бітпей, қайта сынып кетуге алып келеді. Осы мәселелердің жолын табу үшін профессорге 3D принтердегі керамикалық материал көмектескен. 

Алдағы уақытта керамикалы имплант көмегімен сүйекті тез қалпына келтіруге болады. Былтыр бұл көрсеткіш 100/25% ғана көрсеткіш көрсеткен болса, араға бір жыл салып бұл көрсеткіш 90%-ға өсті. 

М. Ақан