Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Баланың ыстығы көтерілсе не істеу керек?

Баланың ыстығы көтерілсе не істеу керек?

Баланың ыстығы көтерілсе не істеу керек?

Балалардың тез ауырып қалуы олардың енді өсіп келе жатқан ағзалары әлі сыртқы ортаға үйрене алмауына байланысты. Ал баланың ыстығы көтерілсе ше? Үйдегі ата-әжеміздің ақылына сүйеніп, үй жағдайындағы емді қай кезде жасау керек? 

Балаңыздың ыстығы көтеріліп тұрғанын қалай білуге болады? 

Тілі шыққан, есі кірген балалар өзінің ауырып тұрғанын сізге айтып шағымдана алады. Ал әлі тілі шықпаған нәресте сізге ескерте алмайды. Оны сіз өзіңіз байқауыңыз керек, қалай? 

– тамақтан бас тарту немесе ембеу; 
– жылай беру; 
– әлсіздік пайда болуы; 

Бұл әрекеттер болса бірден градус өлшегіш қойып қызуын өлшеңіз. Себебі ыстығы сіз ойлағаннан да жоғары болуы мүмкін. 


Қызуды қалай түсіру керек? 

Баланың ыстығы көтеріліп тұрса, бірақ 38-39 градусты көрсетсе алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл қалыпты жағдай. Шу шығармай-ақ, дәрі беріңіз. Қазір балаларға арналған түрлі дәрілер бар. Мәселен сұйықтық дәрілер, дәмі тіл үйретін тәтті қосылған түрлері бар. Ескеріңіз, дәріні көп беруге болмайды. Шамасына қараңыз. Кей дәрілердің бояғыш қоспалары балада аллергия тудыруы мүмкін, оны да құрамынан оқып алыңыз. 

Адам ағзасына барған дәрі 1-1,5 сағат ішінде нәтижесін береді. Сондықтан әр 10 минут сайын баланың ыстығын өлшеп, мазасын алуды доғарыңыз. 

Аспирин мен анальгинді баланың ыстығы көтерілген кезде бермеңіз: бұл дәрілер балаға кері әсер етуі мүмкін. 

Дәрігерді қай кезде шақыру керек? 

Көптеген ата-ана тұмау, ыстық көтерілу секілді сырқаттармен үй жағдайында күресіп, үйреніп алған. Олар түрлі амалдар жасап, баланың ыстығын түсіріп алады. Дегенмен аурудың аты ауру, ол асқынып кетуі де мүмкін. 

– сізге дәрігердің кеңесі міндетті түрде керек болады. 
– жасы үш айға жетпеген баланы міндетті түрде дәрігерге көрсетіңіз; 
– баланың жасы 1 жасқа келмесе және оның ыстығы 39 градусты көрсетіп тұрса дәрігерге барыңыз; 
– ыстықпен бірге құсу, іш өту, одан қала берді баланың жылауы жиілесе дәрігерге қаралыңыз; 

Қалай көмектесе аламыз? 

Ыстық сусын беріңіз 

Балаңызға ыстық шай, сусын немесе су беріңіз. Ал ол әлі омырауда болса, емуі үшін барынша бір-екі қасық болсын шырын беріп, омырау сүтін емуіне жағдай жасаңыз. 

Үйді күн сайын тазалап тұрыңыз 

Бұл балаға да үлкендерге де қатысты жағдай. Себебі адам баласы ауырған кезде сол үйдің ішінде бактериялар пайда болады. Ол адамның демінен, жөтелген кездегі ауаға ұшқан сілекейінен пайда болады. Сондықтан бала жазылып кеткенге дейін күн сайын үйді тазалап, ауаны алмастырып тұрыңыз. Бұл өте маңызды. 

Деніңіз сау болсын! 

1101 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: WomanAdvice.ru
Қосылған күні: 10 қараша, 18:46
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев