Сенсация: ДНҚ-ға ән жүктеуге болады

Сенсация: ДНҚ-ға ән жүктеуге болады
Фото: thesudburystar.com

ДНҚ арқылы ақпараттарды тасымалдау және сақтау мәселесі әрбір ғалымның күн тәртібінде тұр. Осыған дейін жасалған жұмыстардың ішінде нәтижелі болғандары да бар. Соның бірі және бірегейі Microsoft Research және Twist Bioscience біріге отырып жасаған сенсациялық жаңалық. Олар ДНҚ-ға ән жүктеу арқылы рекордтық көрсеткіш орнатты. 

Ғалымдар ДНҚ-ға «Deep Purple» әнін жүктеу арқылы оны қайта толыққанды тыңдау мүмкіндігіне ие болды. 


ДНҚ-ға ән жүктеу үшін ақпаратты осы саладағы екі бірлік бойынша (0 және 1) аударады. Аударылып жүктелген әуен ДНҚ кодында жадталады және сақталады. 

Ғалымдардың айтуынша, ДНҚ арқылы ақпаратты сақтау осыған дейінгі тасымалдаушы техникалардан он есеге артық. Себебі ол ұзақ жылға сақтай алады және қауіпсіз. Ал ғалымдар ең маңызды құжаттар мен ақпараттарды сақтау үшін әр он жыл сайын қайта жаңарту жасап отырған. 

Болжамдарға сенсек, адамның ДНҚ сыйымдылығы, ондағы қарындаштың ұшындай ғана биологиялық затқа байланысты. Оның көлемі – 10 терабайт. Бұл 600 түрлі смартфонның жадымен бірдей. Ал жер бетіндегі барлық цифрлі ақпараттарды сақтау үшін дәл осындай биологиялық дененің тоғыз данасы жеткілікті. 

Зерттеушілер ДНҚ арқылы адамзат баласы бүкіл ақпарат кеңістігін сақтап қана қоймай, оны келесі мыңдаған ұрпаққа жеткізуге болатынын айтты. Қазірдің өзінде осы жасалған тәжірибе ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» мұрағатында сақтаулы тұр.  

М. Ақан