Ғалымдар адамның іш құрылысын көрсететін камера ойлап тапты

Ғалымдар адамның іш құрылысын көрсететін камера ойлап тапты
Фото: vk.com

Эдинбург университетінің ғалымдары адамның іш құрылысын көруге мүмкіндік беретін камера ойлап тапты. Бұл құрылғы дәрігерлерге эндоскопты (адамның іш құрылысын зерттеуге арналған медициналық аппарат) қадағалауға көмек ретінде жасалған.

Бұрын дәрігерлер эндоскоптың нақты қай жерде екенін тек рентген түсірілімі арқылы ғана анықтай алатын еді. Енді бұл мәселе шешімін тапты.

"Медициналық құрылғының қай жерде орналасқанын сырттан қадағалау мүмкіндігі дәрігерлер үшін де, науқастар үшін де үлкен жеңілдік береді. Себебі, ауруды анықтау мен емдеу барысында инвазивті (адамның іш құрылысына сырттан аппарат енгізу) әдістерді неғұрылым аз пайдаланған жөн", - дейді Эдинбург университетінің профессоры Кев Даливаль.

А. Оралқызы