Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтауға арналған гаджеттер

Арықтауға арналған гаджеттер

Арықтауға арналған гаджеттер

Арықтау үшін қатаң диетаға отырып, белсенді түрде спортпен шұғылдану керек екені рас. Бірақ бұл сұрақта сізге көмекке технология заманының ғажаптары келе алады. 

Таразы

Арықтаймын деп бел буған әр аруға бірінші кезекте алуға тұрарлық электронды құрылғы. Артық салмақ тастамас бұрын, өзіңіздің "бастапқы" салмағыңызды біліп алыңыз. Таразыға тұруға қорықсаңыз да, алғаш салмақты білген дұрыс. Келесі апталарда тастайтын салмағыңызды қадағаласаңыз, нәтижелерге қуанатын боласыз. Арықтау процесін жүйелеп, бір уақытта белгілі бір жетістікке қол жеткізе аласыз. Таразыға таңғы асты жемей тұрып таңертең, кешкі ас жеп болғаннан кейін 2 сағат өткенде өлшеніңіз. Таразыға өлшену жағымды процеске айналсын десеңіз, стильді түрін таңдаңыз. Толықтай автоматтандырылған, үстіне тұрғанда қосылып, түскенде өшетін, ЖК-дисплейі бар таразы заманауи гаджет.

Май өлшеуіш

Артық килограмдардың басым бөлігі май екені бәріне мәлім. Күнделікті қанша май жоғалтқаныңыз не қосқаныңызды сізге мынандай құрал көрсетіп тұрады. Ол адамның биоэлектірлік кедергісін өлшеу арқылы, ағзаңыздағы май мөлшерін нақты айта алады. 

Буға пісіретін пеш

Арықтаудың ең дұрыс жолы - дұрыс тамақтану. Яғни, майлы, қуырылған тамақтарды ұмытып, дұрыс өңделген асты жеу керек. Олар: суға қайнату, буға пісіру, пісіру пешін қолдану. Әрине ең пайдалысы, буға пісіру. Буда піскен тамақ дәрумендер мен пайдалы қосылыстарын сақтайды. Ал жаңа технологиялар сізге буға пісірілген тағамды дәмді қылуға көмектеседі. Осындай гаджет тағамның пісу уақытын, қажетті температурасын өзі таңдайды. 

Жеміс кептіргіш

Диетаға қарамастан, тіскебасарларсыз болмайды. Қарныңыз ашқанын сезе қалғанда кептірілген жеміс жеңіз. Өрік, мейіздің бірнеше талында 100-ақ килокалорий бар, алайда құрамында пайдалы магний жетерлік. Жемісті үйде кептіре де аласыз, ол үшін осындай гаджетті алыңыз. 

Йогурт жасайтын құрал

Тәттіге деген құмарлығыңыз еш диетаға бағынбай жатса, басқа жол іздеп көріңіз. Мысалға, тәтті ретінде салмақ арттырмайтын, жеңіл йогурт таңдаңыз. Ал оны өзіңіз әзірлеу үшін, осындай құрылғы алыңыз. Оның көмегімен йогурт, ірімшік, сүзбе түрлерін жасай аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: woman.ru

6695 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 14:38
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 15:11

Май өлшейтін құрылғы барын білмеппін

+0
10 қазан 2012, 15:25

Таразы алам ба деп жүрмін

+0
10 қазан 2012, 19:20

дәл қазір маған йогурт жасайтын құрал ауадай қажет болып жүр))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев