Ең ұзақ өмір сүрген әйел 132 жасында көз жұмды

Ең ұзақ өмір сүрген әйел 132 жасында көз жұмды

Әлемнің ең кәрі тұрғыны саналып келген Грузияның жергілікті Сачино елді-мекенінде тұратын Антиса Хвичава дүниеден озды. Үш ай бұрын ол 132 жасқа толған болатын.

Айта кететін болсақ, Антиса 1880 жылдың 8 шілдесінде II Александрдың билік құрып тұрған тұсында дүниеге келген екен. Одан бергісі төңкеріс, екі дүниежүзілік соғыс, Кеңес одағының ыдырауын өз көзімен көрген жан иесі өмірінің соңғы күніне дейін ес пен айтар ақылынан алжаспапты. Тіпті, дүниеден озарынан бірнеше күн бұрын неменелеріне компьютер үйретіңдер деп қолқа салыпты.

Ағайын-туыстың айтуы бойынша, еңбекқор әйел 1965 жылға дейін ауыл шаруашылығында еңбек атқарған. Сексен жастың сеңгіріне келгенде зейнетке шығыпты.

Және грузиялық зейнеткер Гиннестің рекордтар кітабына енген егде жаста бала туған әйел болып та саналады. Алдыңғы екі баласынын өлімінен соң алпыс жасында дүниеге бала әкелген. Қазіргі таңда ең ұзақ жасаушы әйелдің ұлы 73 жаста. Сонымен қоса грузиялық кемпірдің артында 10 немере, 12 шөбере мен 6 немене қалыпты.

сурет:scan3.interfax.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс