Бүгін ақ халатты абзал жандардың мерекесі

Бүгін ақ халатты абзал жандардың мерекесі
Фото: Kapital.kz

18 маусым еліміздегі ақ халатты абзал жандар үшін ерекше күн. Бүгін олардың төл мерекесі. «Массагет» жастар порталы дәрігерлерді бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге қажымас қайрат пен талап, еңбек тілейміз. Адамның өмірін ажалдан сақтап қалушы сіздердің де дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын.

Осы ретте жас түлектер үшін тың ақпарат бере кетуді жөн көріп отырмыз. 2017 жылдың мамыр айындағы мәліметке сүйене отырып, Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған еліміздегі ең үздік медициналық университеттердің тізімі белгілі болды. Өкінішке орай аталған тізімге биыл еліміздегі ең беделді С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кірмеген екен. Ал тізім төмендегідей топтастырылған:

1.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  фармацевтикалық академиясы

3.Астана медицина университеті

М. Ақан