Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ас қалай қорытылады?

Ас қалай қорытылады?

Ас қалай қорытылады?

Адам ағзасы өзіне керекті тамақты ерекше өңдеуден өткізіп қабылдайды. Біз ішкен түскі ас сіңімді болу үшін, яғни ауызға түскеннің бәрі де (картоп пен күріш, котлет пен нан, алма мен алмұрт) қанға, одан дененің барлық мүшелеріне жету үшін "қорытылуы" тиіс. Бұл қызметті біздің ағзамыздағы ішкі асхана – ас қорыту мүшелері атқарады. 

Ауыз – ішкі асхананың алғашқы бөлімшесі. Дәмді тамақты көре салысымен, тәбет ашатын иісті сезісімен ауызға сілекей төгіледі. Ол ауызға түскен тамақты шылау үшін керек. Әйтпесе тамақты шайнау және жұту өте қиын болар еді. Сілекеймен шыланған және шайналған тамақ өңешке, одан асхананың келесі бөлімшесі – қарынға өтеді.

Қарынның қабырғасында ерекше бездер бар. Мұнда тамақ түскен кезде бездерден ақуыз молекуласын ыдырата алатын қышқыл сөл бөліне бастайды. Мына қызыққа қараңыз, бір үзім нан әлі ауыз қуысында тұрғанда-ақ қарын бездері оны қорытуға қажетті мөлшер мен құрамдағы сөлді даярлайды. Мұның бәрі сондай дәлдікпен үйлестірілген. Демек, біздің ішкі асханамыз не істеу керек екенін өздері-ақ алдын ала біліп тұрады.

Ас қаншама тәбет тартарлық болып көрінсе, оның иісі бұрқырап қызықтыратындай болса, сілкекей мен қарын сөлі соншалықты көп бөлінеді. Ал егер тамақ ішу барысында басқа шаруамен айналысатын болсаңыз, мысалы, қызу әңгімелесіп немесе телефоннан бас көтермей қойсаңыз, сөлдің бөлінуі азайып, тіпті күрт кеміп кетуі де ықтимал.

Қарындағы сұйық тамақ ішектің иір жолымен қозғалады. Осы жолда оған басқа сөлдер әсер етіп, ақуыздың қорытылуын аяқтайды, көмірсулары мен майларды қорытады. Олар ішектің қабырғасы арқылы сіңеді де, қан оларды бүкіл денеге таратады.

Ескерту:

Кез келген тамақты жақсылап шайнау керек. Тамақты кесектей жұтпаңыз, егер олай етсеңіз қарынға көп күш түсіресіз. Асты шамадан тыс ішіп-жеу де жақсы емес. Қорытылмаған тамақ қарынға жиналады. Бұл жағдайда барлық режим бұзылады. Ондай жағдайда "ішкі асхананың" жұмысын ретке келтіру үшін емделу қажет болады.

1
Рейтинг: +1

Фото: activandotupoder.com
Қосылған күні: 09 ақпан, 15:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.