Адам ағзасының түнгі қызметі

Адам ағзасының түнгі қызметі
Фото: iskra-sveta - Io.ua

Адамның әр дене мүшесі күндіз үздіксіз өз қызметтерін атқарады. Бір ағзамызға ақау келсе, өмір сүйру қиындайды. Ал олар түнде не істейді екен? Қызметін дұрыс атқаруына мүмкіндік беріп жүрміз бе?

 

Сағат 22:00

Қанда лейкоциттер саны екі есе көбейеді – бұл иммундық жүйе межелі аумағын тексерістен өткізеді. Дене қызуы төмендейді. Биологиялық сағат дабыл қағады: ұйықтайтын уақыт болды.

 

23:00

Тән босаңсиды, бірақ әр жасушада қалпына келтіру қадамдары жүріп жатады.

 

00:00

Сананы ұйқы жаулап алады, ал ми күні бойы жиған-терген ақпаратын сараптау жұмысын тоқтатпайды.

 

1:00

Ұйқы өте сергек. Уақытында емделмеген тіс не бұрын сынған тізе ажырап кетуі де мүмкін, соң таңға дейін ұйқы бермейді.

 

2:00

Барлық дене мүшесі демалады, тек бауыр ұйқыдағы ағзаны жиналған шлактардан тазарту жұмысын атқарады.

 

3:00

Физиологиялық құбылыстар түгелдей бәсеңсиді: артериялық қысым ең төменгі деңгейге жетіп, тамыр соғысы мен тыныс алу да төмендейді.

 

4:00

Ми қынның ең аз мөлшерін қоректендіреді, оянуға дайын емес. Бірақ есту қабілеті тереңдейді, естілер-естілмес дауысқа да оянып кетуіңіз мүмкін.

 

5:00

Бүйрек демалады, бұлшықеттер мүжіледі, зат алмасу үдерісі баяулайды, негізінен ағза оянуға дайын.

 

6:00

Бүйрек бездері қанға адреналин және норадреналин гормондарын жібереді, ол артериялық қысымды арттырып, жүрек жиі соғуына әкеледі. Сана маужырап жатса да, ағза оянуға әбден дайын.

 

7:00

Иммундық жүйенің ең белсенді уақыты. Тұрып, душ қабылдауға таптырмас уақыт. Дәріні де басқа кезде емес, осы сағатта қабылдаудың әсері күшті болмақ.

@. @assel_assanova