- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тамақ ауруының себебі...
Тамақ ауруының себебі – көкейге кептелген сөзді айта алмау
Орыстың атақты психологы, дәрігер Валерий Синельниковтың "Өз дертіңді ұнат" атты кітабы – психология саласында өте танымал еңбек. Көп адам осы кітапты оқып шыққан соң өмір жолдарын жаңа парақшадан жаза бастайды екен. Өйткені кітапта адам өмірінде болатын кез келген жағымсыз оқиғаның ауру тудыратыны айтылады. Біз аталған кітаптың "Тамақ" атты тарауынан үзінді аударып ұсынып отырмыз.
Тамақ адамның өз-өзіне жауап беру, қалауын сұрау қабілеттерін жүзеге асырады. Тамақтың жағдайы адамдармен қарым-қатынасымыздан хабар береді. Егер жақын адамдарымызбен жақсы қарым-қатынас құра алсақ, тамағымыз әрқашан сау болмақ.
Тамақ – шығармашылық энергиясы жиналған ағзамыздың бір бөлігі. Уайым мен шығармашылық тамақ арқылы өтеді. Адамның сөйлеуі тамақ арқылы сыртқа шығады.
Одан бөлек, қабылдау мен түйсіну де тамақ арқылы жүзеге асады. Тек ас-ауқатты ғана емес, затты, идеяны, адамдарды тамақ арқылы қабылдаймыз. Егер бір нәрсені қабылдай алмасақ, бірден тамағымыз сыр береді.
Тамақ аурулары қабыну, ангина, тұтығу, қырылдау, жұтудың қиындауы, өңеш аурулары түрінде көрінеді.
Тамақ аурулары, ангина, фарингит, ларингит
Егер сіз дөрекі сөйлеуден тартынып, көмейіңізге келіп тұрған сөзді жұтып қойсаңыз, ашуыңызды сыртқа шығармай, бойыңызда ұстасаңыз немесе ойыңызды ашып айтудан қорықсаңыз, тамағыңыз қабына бастайды. Аурудың бұл түрі тыйым салынған нәрсені айтуға кедергі болудан туады. Тамағы ауыратын адамдар өз-өзін көрсетуден қашатын, қарым-қатынасын білдіре бермейтін, өз-өзіне жауап беруі қиын, өз қалауын сұрай алмайтын адамдар болып келеді.
– Айтқым келетін сөзді айта алмаймын, – деді тамағы жиі қабынатын бір науқасым.
– Неге айта алмайсыз? Не кедергі? – деп сұрадым мен.
– Білмеймін. Ойымды сыртқа шығарудан ыңғайсызданатын шығармын. Ішімдегі ойдың бәрін айтып тастасам, адамдар мені түсінбей қалуы мүмкін.
– «Түсінбей қалады» дегеніңіз қалай? – дедім. Олардың бетіне шындықты айтудан қорқасыз ба?
– Иә, дәл солай, – деді науқас.
Жүзіне қарасам, оның бұрын-соңды бұлайша ойлап көрмегені байқалады. Бәрін енді ғана түсініп отыр.
– Жақсы, баланың бірдеңе алғысы келгенде қалай сұрайтынын, өзін қалай көрсететінін еске түсіріп көріңізші, көрші-қолаңға дейін дауысы жетіп жатады емес пе? Бірақ бұл әрекетін жаман деп ойламайды. Оның санасы түрлі шарттан азат. Сіз де ойыңызды сыртқа шығарып айтыңыз. Әр адам – жеке тұлға, сіз де сондайсыз. Адамдар жоғары, төмен, жаман, жақсы болып бөлінбейді. Әр адам он екі мың ғаламнан өз орнын табады. Сіздің пікіріңіз кез келген адамның ойы сияқты құнды. Айналаңыздағы адамдардың реакциясын бақылай келе шынайы келбетіңізді табасыз. Ішкі және сыртқы тепе-теңдікті іздеңіз. Тағы бір маңызды себепті таптым – адамның өзін толыққанды қалыптасқан тұлға ретінде танымауы. Барлық комплекс тамақ арқылы өтеді, өйткені, адам үнемі өзіне ренжумен болады, сыртқы түріне, әрекетіне көңілі толмайды. Ақыл-ойымыз өзімізді өзімізден қорғау үшін ауру тудыруға мәжбүр болады. Басқа адамды сынап-мінеп, оған жағымсыз сөз айтқанда да ақыл-ойымыз осылай жұмыс істейді.
Көкейге кептелген өксік
Қорқыныш сезімі сөйлеуімізге мұрша бермейді. Сезім мен сөз тамаққа кептеліп, тұрып қалады. Қатты үрейге бой алдырған адамдарға бұл сезім жақсы таныс.
Бас ауруының себебі – екіжүзділік
М. Оңғарова