Бас ауруының себебі – екіжүзділік

Бас ауруының себебі – екіжүзділік
Фото: seminarepsicologia.com

Орыстың атақты психологы, дәрігер Валерий Синельниковтың "Өз дертіңді ұнат" атты кітабы – психология саласында өте танымал еңбек. Көп адам осы кітапты оқып шыққан соң өмір жолдарын жаңа парақшадан жаза бастайды екен. Өйткені кітапта адам өмірінде болатын кез келген жағымсыз оқиғаның ауру тудыратыны айтылады. Біз аталған кітаптың "Бас" атты тарауынан үзінді аударып ұсынып отырмыз.

Бас ойлау үрдісіне жауапты. Бас сезім мен сана бір-бірімен сәйкеспей қалғанда сыр бере бастайды. 

Бас аурулары

Кез келген аурудың адамның назарын өзіне аудару үшін пайда болатын ескерту екенін білеміз. Сондықтан аурудың астарына үңілген жөн. Бас ауруы – бір нәрсені дұрыс жасамай жүргенімізді бізге білдіру үшін берілетін ақыл-ойдың сигналы. Мысалы, жұмысыңыз көп делік, сіз шаршадыңыз, бірақ жұмысыңызды аяқтап тастағыңыз келді. Ақыл-ойыңыз сізге демалыс керек екенін түсініп, бас ауруын жібереді, осы арқылы ол сізді зорығып кетпеуден, өз-өзіңізді құртып алмаудан сақтайды. Бұл – ең қарапайым мысал. Екіжүзділік – бас ауруының тағы бір маңызды себебі. Мысалы, өзіңіз ұната бермейтін адаммен сөйлесіп қалдыңыз. Оған қарап жымиып, жақсы сөз айтуға мәжбүр болдыңыз. Бұл қарым-қатынастың нәтижесі – бас ауруы. Оның тууы да қарапайым. Мидың бір бөлігі әлгі адам туғызған жағымсыз сезімді тіркейді. Екіншісі – сіздің әрекетіңіз. Нәтижесінде бастың бір бұлшықеті босаңсып, келесі бұлшықеті қатаяды. Ой мен сезімнің бір-бірімен сәйкеспеуі ауру тудырады. Бір күні мен досыма қонаққа келдім. Ол басының қайта-қайта ауыра беретінін айтып жүретін. Ауру жарты жыл бұрын пайда болыпты. Мен ауру тудыруы мүмкін деген оқиғалар туралы сұрай бастадым. Ол фирмасының қиын жағдайын ұзақ уақыт әңгімелеп отырып, кенеттен "Әлгі Сергей басымды қатты ауыртып жібереді" деді. Бұл сөз әңгімесінің өзегі болғанға ұқсайды. Ол сөзін әрі қарай жалғай берді. Бірнеше уақыттан соң мен оның сөзін үзіп: "Сергей деген серіктесің туралы не айтқаныңды білесің бе?" деп сұрадым. Ол, әлбетте, айтқан сөзін есіне түсіре алмады. Әйелі екеуміз оның сол сөзін айтып бергенімізде, ол қатты таңырқады. Бірнеше уақыттан соң, ол әлгі фирмадан шығып, "бас ауруын сол жаққа тастап кетті". Егер бас ауруы ойыңыз бен сыртқы әрекетіңіздің сәйкеспеуінен туындаса, ішкі және сыртқы дүниеңізді реттеп, толықтай бір қалыпқа келіңіз. Нақты жағдайда екі таңдау бар. Біріншісі: сізді ешкім ол адаммен мәжбүрлеп сөйлестіре алмайды. Оны жайына қалдыра аласыз. Екіншісі: ол адамды өміріңізге қалай кіргізгеніңіз туралы ойланыңыз. Егер бір адамның әлдебір қасиеті сізге ұнамаса, ол қасиет сіздің де бойыңызда бар деген сөз. Өзіңізді өзгертіңіз, сол кезде сізді қоршаған адамдар да өзгереді. 

Тамақ ауруының себебі – көкейге кептелген сөзді айта алмау

М. Оңғарова